» » ЖАҢАДАРИЯДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ІСТЕР

ЖАҢАДАРИЯДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ІСТЕР


Президент Жарлығына сәйкес тұрғындар алдында есеп беру Жаңадария ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев және ауылдық округ әкімі Р.Ақпанбетов халық алдында есеп беріп, атқарылған және алдағы уақытта атқарылмақ жұмыстарға тоқталып өтті. 
Кездесуге облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Н.Мықбасов, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының директоры С.Карипов, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңадария ауылдық округі аумағында 32 шаруашылық қожалық орналасқан.
Жаңадария ауылдық округінде егiстiкпен бiрге мал шаруашылығы да дамып келедi. “Қожық-ата”, “Барбол”, “Ақылбай” фермер қожалықтары мүйізді ірі қара және жылқы малдарының басын көбейтуде. Ауылға инвестор тарту мақсатында “Магро” фермер қожалығы “Атжайған” учаскесінен 100 га қауын егіп, 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыды.
Тасшоқы учаскесінде орналасқан «Адал» ШҚ мал бордақылау алаңының құрылысын салып, 2015 жылы жеке қаражат есебінен 10,0 млн теңгеге Ресейдің Алтай өлкесінен 53 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдарын сатып алып өсіруде.
«Ақмерей» қуыршақтар отауы аудан балбақшаларында қойылымдарын көрсетуде.
2017 жылы ауыл тұрғындары арасында өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандардан 70 адам барлығы 80 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырып жұмыс жасады. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына қатысқан 2 азамат кәсіпкерлігін одан әрі дамытып, асыл тұқымды мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысуда.
Жаңадария ауылдық округінің әкімі Р.Ақпанбетов кездесу барысында 2017 жылғы есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуы туралы айта келіп, алдағы міндеттерге тоқталды.
17 қаңтар 2018 ж. 1 000 0