» » «МОДЕЛЬДІ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА» ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«МОДЕЛЬДІ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА» ЖҰМЫС ЖАСАУДА


Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев және Аламесек ауылдық округінің әкімі Н.Опабеков 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ауыл тұрғындарымен есепті кездесу өткізді.
Аламесек ауылдық округінде жер көлемі 16950 га оның ішіндегі ауыл шаруашылығы жері 14785 га құрайды. 
Ауылда 15 шаруа қожалығы, 2 өндіріс кооперативі, 3 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс атқаруда.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 23 ауыл тұрғыны 84 мүйізді ірі қара және 73 жылқы малдарын несиеге сатып алып, жұмыс жасауда. Осы бағдарлама бойынша 2017 жылы жалпы құны 22,4 млн.теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылып, өз кәсіптерін бастады. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 19 азамат қайта даярлау курсын оқып, оның 11-і жұмысқа орналасты.
Ауылдық округі бойынша 2017 жылы жаңадан 13 кәсіпкерлік субьектілері ашылып, онда 24 жұмыс орны қамтылды.
Оның ішінде «Ақниет» бағдарламасының «Жаңалық» номинациясы бойынша 1 азамат 670 мың теңгеге автошеберхана, «Бастама» номинациясы бойынша 1 азамат 450 мың теңгеге шаштараз, 1 азаматша 250 мың теңге грант арқылы темір ұстаханасын ашып, халыққа өз қызметтерін ұсынуда. Ал 2016 жылы «Бастама» номинациясы аясында 1 азаматша 500 мың теңгеге грант иегері атанып тігін цехын іске қосты
Ауыл бойынша 2 спорт зал, 1 спорт алаңы, 2 шағын футбол алаңдарының болуы тұрғындардың, оның ішінде жастардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік. Сонымен бірге, №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалында қол добы спорттық ойыны бойынша 54 жасөспірім, қазақша күрес секциясына 55 жасөспірім тұрақты түрде қатысуда. Спорт үйірмесіне қатысушы 3 жасөспірім қазіргі таңда спорт шеберіне кандидат.
2017 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 25 бітірушінің 12-і мемлекеттік грантқа, 1-еуі облыс әкімінің грантына, 5-уі ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсіп, білім алуда. 
Сонымен қатар, 2017 жылы ауылда Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтті. Айтулы шараға республикаға, облысқа белгілі азаматтар қатысып, республикалық ақындар айтысы өткізілді.
Кездесуге облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Н.Мықбасов, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының директоры С.Карипов, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
17 қаңтар 2018 ж. 1 022 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30