» » БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ - БАСТЫ НАЗАРДА


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бүгін Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі Қ.Сәрсенбаев және Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі Б.Тұңғышбаевтың 2017 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы атқарылатын міндеттері бағытындағы жұмыстары бойынша есепті кездесуі өтті.

Ауылдық округ бойынша «Мақпалкөл»ЖШС, «Ер-Әлі», «Құрманбай ата», «Ақниет», «Ақтікен», «Ақмар», «Манақ баба», «Еспанов», «Әсім», «Молдаш», «Қайрова» шаруа қожалықтары арқылы 2414 гектар жерге күріш, 645 гектар ескі жоңышқа, 616 гектар жаңа жоңышқа егіліп мол өнім жиналды. 
Ауылда шағын кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өнім өндіру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында ауылдық округ бойынша 45 кәсіпкер аудандық салық комитетіне тіркеліп жұмыс жасайды. 2016 жылмен салыстырғанда 20-ға көбейген.
2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2 адам мал өсіру мақсатында несие алып, жұмыстар жүргізуде.
Білім саласының негізгі көрсеткіші болып таб
ылатын ҰБТ-ге мектеп бітірушілерінің 9-ы қатысып, орташа балл 92-ны құрады. 1 оқушы облыс әкімінің грант иегері, 2 оқушы «Алтын белгі» иеленді.
Есепті кездесуге облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, ауыл тұрғындары қатысты.
16 қаңтар 2018 ж. 1 300 2

Гость Jeaplause от 14 ақпан 2019 06:42
Tamoxifen Online No Prescription buy cialis online Side Affects For Amoxicillin

Гость Jeaplause от 5 наурыз 2019 19:05
Effet Du Cialis 20 cialis no prescription Viagra 25mg Erfahrung