М.Шәменов ауылдық округінің әкімі есеп берді
М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі А.Шадаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Жалпы, ауылдық округте 2017 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 203 отбасы тіркелген. Халық саны 1163. Оның ішінде: 105-і зейнеткерлер, 21- «Алтын алқа», 35 «Күміс алқа» иегерлері, 24 мүгедек, 376- 16 жасқа дейінге балалар, 45 студент бар. Округ тұрғындарына 1 ЖШС, 17- шаруа қожалығы, 18 кәсіпкер, 1 мектеп, 1 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 спорт мектебі, 1 дәрігерлік емхана, 1 кітапхана, 172 нүктелік АТС, 1 пошта бөлімшесі, 1 аймақтық полиция тірек пункті қызмет жасайды. Ауылда барлық жер көлемі 19683 га, оның ішінде егістік жері 1282, шабындық 521, жайылымдық жер 1156 гектар. Ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 1195 бас мүйізді ірі қара, 2640 бас уақ мал, 543 бас жылқы,10 бас түйе есепке алынған.
Экономикалық белсенді халық саны – 626, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 432, өзін- өзі жұмыспен қамтығандар саны – 147.
Сондай-ақ, ауыл әкімі А.Шадаев өз сөзінде, ауыл орталығындағы жаңа типтегі ауылдық дәрігерлік емханада 1 дәрігер, 10 қызметкер, оның ішінде 9 медбике, 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген.
2017 жылы 1012 адам қабылдауда болды. Анықталған ауру түрлеріне қарай емдеу жұмыстары жүргізілді. Диспансерлік есепте тұратын жүкті әйелдер саны – 38, жеңілдікпен дәрі алатын науқастар саны – 14. Есепті кезеңде 35 нәресте дүниеге келгенін жеткізді.
Пікір 2