ҚАРАКЕТКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
Қаракеткен ауылдық округінің әкімі Қ.Өлментайдың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы
ЕСЕБІ тыңдалды.
ЕСЕБІ тыңдалды.
Ауылдық округ бойынша 56 кәсіпкер тіркеліп, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғандары – 45.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Е.Умирсериков «Қабырға құрылыс блогын жасау» жобасы 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды.
Жобаны жүзеге асыру үшін ауыл шетінен 0,1 гектар жер телімі табысталған. «Ауыл» несие серіктестігі арқылы жеке кәсіпкер Нұрмаханов Ерлан 4 млн теңге несиеге прес басатын ауыл шаруашылығы техникасын алып, ауыл тұрғындарына қол жетімді бағамен 30 мың прес сатылды.
«Ханшайым» ШҚ-ның төрағасы Әбуов Самат жеке қаражат есебінен 1000 басқа арналған мал бордақылау аланың құрылысын салды. Жобаның жалпы құны 100,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін Итемген аймағынан жер телімі табысталды. Қазіргі таңда 40 бас МІҚ, 100 бас қой алынып, бордақылануда.