Жалағаш ауданының әкімі Қ.Ә.Сәрсенбаевтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы халық алдындағы есебі
Өткен жыл еліміз үшін тарихи және саяси оқиғаларға толы, абыройлы жыл болғаны баршамызға белгілі. Елімізде бірнеше халықаралық саяси маңызы бар шаралар өткізілді. Оның бір дәлелі, Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада, Қазақстанның елордасы Астана қаласында 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен ЭКСПО-2017 көрмесі, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері құрамына енуі, ШЫҰ саммиті, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес бастамасының 25 жылдығы секілді саяси-экономикалық маңызды шаралар еліміздің халықаралық аренадағы беделінің биіктете түскендігінін нақты дәлелі.
Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға әлемнің әр қиырынан 3 млн. адам келсе, біздің ауданымыздың 2000-ға жуық тұрғындары да көрме жұмыстарымен танысып, Астананың көрікті жерлерін аралап қайтты.
Еліміздің ең басты құндылығы Тәуелсіздіктің 26 жылында қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын ауыз толтырып зор мақтанышпен айтуға болады. Соның ішінде, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданымызда да тарихи тұлғалар есімін қайта жаңғыртып, болашақ ұрпақ санасына сініруге көптеген жұмыстар атқарылды. Ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.
Ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты.
Өнеркәсіп өнімін өндіруЕсепті кезеңге өнеркәсіп өнімдерін өндіру 8,7 пайызға артып, 4,1 млрд. теңгеге жетті.
Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасалып, өткен жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі 105,7 пайыз, ауыз су 154,6 пайыз, электрмен жабдықтау 105,8 пайызға орындалды. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 5 млрд. 908 млн.теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағамен алғанда 3,0 есеге өсті.
Қаржы-салық саясаты Аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімдері 7 млрд. 584 млн.теңгеге орындалды. Оның ішінде:
- жергілікті кірістер 1 млрд. 221 млн. теңге;
- субвенция 4 млрд. 865 млн. теңге;
- ағымдағы және даму трансферттері 1 млрд. 091 млн. теңге.
Оның ішінде жергілікті кірістер болжамы 102,1 пайызға орындалды.
Аудан бюджеті шығыстары 7 млрд. 606 млн. теңгеге атқарылды немесе 99,8 пайыз.
Ауылшаруашылық саласы.
Егін шаруашылығыАудан бойынша 13 896 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, өткен жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 4,4 пайызға артты (2016 жылы 12 588 млн. теңге).
2017 жылы барлығы 35458 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі күріш дақылы 22475 гектар егіліп, 124286 тонна жалпы өнім алынды. Сонымен қатар, егілген 604 гектар жаздық бидай, 3520 гектар жаңа жоңышқа, 5900 гектар ескі жоңышқа, 663 гектар картоп, 1034 гектар бақша, 811 гектар мақсары дақылдары толық жиналды.
Атап айту керек, «Магро» фермер қожалығы 100 гектар қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, барлық жиналған 931 тонна қауынның 574 тоннасын және 139 тонна болгар бұрышын Ресей Федерациясына экспортталды. Қалған өнімдер Астана, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында сатылды.
Ауыл шаруашылығы техникалары жыл өткен сайын жаңара түсіп келеді. Оның басым бөлігі лизинг арқылы алынуда. Мәселен, соңғы екі жылда «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 37 техника алынып, шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен 14 дана (2016 жылы 33 дана) әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Міне, осылайша жылда техникаларды жаңартып отырсақ, бір-екі жылда ауыл шаруашылығы техникалары толық жаңаратыны сөзсіз.
Мал шаруашылығыМал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтары мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Соның нәтижесінде төрт түлік мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 6,6 пайызға, жылқы – 11,7 пайызға, түйе – 12,6 пайызға артты. Ал қой-ешкі 99,1 пайызды, үй құстары – 99,8 пайызды құрады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру есепті мерзімде ет өндіру 2,5 пайызға, сүт өндіру 1,7 пайызға, жұмыртқа 1,1 пайызға артты.
Аудан бойынша 77 шаруашылық тікелей мал шаруашылығымен айналысуда. Оның 64-і «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларына қатысып Үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктерді алуда. 2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен аудан бойынша 6 шаруашылық «Ауыл КТ серіктестігі» ЖШС-нен 29,5 млн.теңге несие алып 8 бас асыл тұқымды бұқа мен 219 бас аналық сатып алды. Жоспар 84 пайызға орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруашылық қаржы институттары арқылы 27,5 млн.теңге несие алып 8 бас асыл тұқымды айғыр мен 92 бас бие сатып алып, жоспар 146 пайызға орындалған.
«Алтын асық» бағдарламасымен Таң ауылдық округінен «Доспанов КС» ЖК өз қаражатымен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы «Әбіл» ШҚ-нан 7 бас асыл тұқымды қошқарын сатып алып 190 бас жергілікті аналықты ИСЖ, ИАС жүйесіне енгізіп жұмыс жасауда. Жоспар 140 пайызға орындалды.
Аққұм ауылдық округінде орналасқан «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы «қазақтың ақбас» асыл тұқымды шаруашылық статусын алып, асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқаларын сатуда.
Жыл басынан бері мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруашылықтар 65 млн.теңге көлемінде субсидия алды.Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес аудан бойынша 146 шаруашылықтар, жеке тұлғалардың бірігуімен 40 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Олардың ішінде 20 және одан жоғары жеке үй шаруашылықтары мүшелігімен құрылған ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері саны 4. «Табыс» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 37 үй шаруашылықтары мүшелігімен құрылды. Кооператив «Қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы «Елу ел» бағдарламасымен 90 млн.теңге несиеге 309 бас МІҚ малын алып бордақылауда. Өткен жылы 54 бас МІҚ малын бордақылап, 7,5 тонна өнім өндірді.
Бұқарбай батыр «Нұрқадам-1» АӨК 20 отбасының бірігуімен құрылды. Сүт және ет өнімдерін өңдеумен айналысады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 25,0 млн теңге несиеге құжаттарын өткізіп, келісім алынды. Үстіміздегі жылы алынған несиеге сут қабылдау, мал сою пункттерін және рефрижератор сатып алады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды нақты атқару аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаевқа, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қалниязовқа және кент, ауылдық округ әкімдеріне жүктеледі.Ветеринария саласыМал шаруашылығын дамытуда ветеринариялық іс-шаралардың тиісті ережелерге сай жүргізілуінің маңызы зор.
Ветеринария саласына өткен жылы ветеринариялық іс-шараларды атқаруға 63,0 млн. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде эпизоотиялық және энзоотиялық жағдай тұрақты сақталды. Сарып ауруы өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайды. 2017 жылы 1406 бас қаңғыбас итпен мысықтар ауланып жойылды.
Соңғы жылдыры шаруашылық басшылыры мен мал егелері асыл тұқымды малды сырттан әкелуге және қолдан ұрықтандыруға ден қойып отыр. Аудан бойынша 15 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасап 1807 бас мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылды.
Жер қатынастары мәселесіАуданда жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілген.
Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу бағытында мемлекеттік меншіктегі жерлерден мал, егін шаруашылығын дамыту үшін жалпы көлемі 6500 гектар жер учаскелері сауда-саттық, аукцион, конкурстар арқылы жалға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда табысталған жер учаскелерінің көлемі 735 гектарға азайды. Жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне 22,3 млн. теңге қаржы түсті.
2017 жылы пайдаланылмай бос жатқан жалпы көлемі 20446 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Облыстық жер инспекциясы тарапынан 12 шаруашылық субъектілеріне жүргізілген тексерулер нәтижесінде жерді өз мақсатында сай пайдаланылмай тұрған жалпы көлемі 5762 гектарды құрайтын 12 жер учаскесі үшін заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар көрілді.
Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру Ауданда Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасына Аққұм, Бұқарбай батыр, Мәдениет, Таң ауылдық оркугтері бойынша барлығы 15123 гектар инженерлік жүйеге келтірілген жерлер енгізілді.
Жобаға енген жерлерде орналасқан ирригация және дренаж жүйелерінің барлығы 86 су шаруашылығы нысандарының құжаттарын республикалық меншікке «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.
«Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу» жобасына енген су шаруашылығы нысандарын құжаттандырудың мәселелері туралы.Аудан бойынша «Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу» жобасын жүзеге асыру барысында барлығы 4221 гектар, оның ішінде 3813 гектар инженерлік жерлер, 407 гектар жайсын жер қалпына келтірілетін болады. Ақсу, Мырзабай ахун, Мақпалкөл, Қаракеткен, Жаңаталап ауылдық округтері аумағындағы суармалы жерлердегі жер пайдаланушылардың жер үлестерінің құрамындағы уақытша өтеулі жер пайдаланушылардан каналдар мен қашыртқылар астындағы жер учаскелерін құжаттандыру үшін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілді.
Жобаға енген 28 канал, 5 қашыртқы жүйесі және карталық суару мен карталық су тастау каналдарының құжаттарын әзірлеу жұмыстары толықтай аяқталды.
Шағын және орта кәсіпкерлік2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданның кәсіпкерлік саласында 1005 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, бюджетке 103 млн. теңге салық түсті. Бұл жалпы салық түсімінің 8,7 % құрады (аудан бойынша жалпы салық түсімі 1183,0 млн.теңге). Ауданда 2361 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 205 субъектіге артты. (о.і. заңды тұлға 187, жеке кәсіпкерлер 1636 және шаруа қожалықтары 538).
Бүгінгі күнге нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18 %-ға артып, 1773 бірлікті құрап отыр. (тоқтап тұрғаны 588 о.і. заңды тұлға 55, жеке кәсіпкерлер 520 және шаруа қожалықтары 13)
Бұл кәсіпкерлік субъектілерінде 8457 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін адамдар саны 510-ға өскен.2015 жылыауданда кіші кәсіпкерліктің баяу дамуын ескере отырып, облыс әкімінің қолдауымен «Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді.
Жалпы жол карта бойынша 3 млрд 710 млн теңгенің 32 жобасын іске асыру жоспарланып, 603 жұмыс орын ашу көзделген.
Бекітілген Жол картасына сәйкес іске асырылуға тиісті 32 жобаның бүгінгі таңда 30 жобасы аяқталып, 3 млрд 223 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды, 569 жұмыс орындары ашылды. Орындалу үстіндегі 1 жоба бойынша өнім өндіретін кәсіпорындар ашу жұмыстары басталып, 2018 жылы аяқталады. Қаржы мәселесі шешілмеуіне байланысты 1 жоба орындалмай отыр. («МегаАгро» ЖШС-нің 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы).
Жол картасы аясында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойындағы «С» санатты кешен құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба бойынша 25 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2017 жылы жалпы құны 1 млрд 408 млн. теңгені құрайтын 174 жоба қаржыландырылды.
Атап айтқанда:«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 782,9 млн теңгені құрайтын 17 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды. Оның ішінен 5 жоба 103,6 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.
Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша өткізілген конкурсқа ауданнан құны 86,2 млн теңгені құрайтын 47 жоба ұсынылып, оның ішінен 10 жоба 6,1 млн теңгеге қаржыландырылды.
Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында ауданнан 3 жоба 14,8 млн теңгеге қаржыландырылды.
1) Жеке кәсіпкер Р.Шарафадинованың 70 орындық жеке балабақша ашу жобасы 5,8 млн теңгеге қаржыландырылды.
2) Жеке кәсіпкер С.Есжановтың мал бордақылау жобасы 4,0 млн теңгеге қаржыландырылды.
3) Жеке кәсіпкер Б.Мыхановтың қоғамдық монша жобасы 5,0 млн теңгеге қаржыландырылды.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» микронесие беру бағыты бойынша 69 жоба 249,3 млн теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 57 жоба 152,4 млн теңгеге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11 жоба 78,9 млн теңгеге қаржыландырылса, қалған 1 жоба «Қызылорада» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының «50 ауыл» бағдарламасы аясында Мырзабай ахун ауылдық округінде мал шаруашылығын дамыту бағытында құрылған «Табыс» АӨК-нің 41 мүшесі 122,9 млн теңгеге және Бұқарбай батыр ауылдық округінде құрылған «Нұрқадам-1» АӨК-нің 3 мүшесі 6,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Сондай ақ, «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС-гі арқылы 30 жоба 215,9 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 12 шаруа қожалықтарына мал шаруашылығына 48,2 млн. теңге, 7 шаруа қожалығына егін шаруашылығына 77,5 млн. теңге және техника сатып алуға 11 жобаға 90,2 млн. теңге несие берілген.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы қысқа мерзімді оқыту курсы өткізілді. Оқу қурсына ауданнан 71 адам қатысып, барлығына сертификат табысталды.
Қысқа мерзімді оқу курсын оқыған 276 азаматтардың бүгінгі күнге 64-і мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылып, кәсібін бастады.
Мемлекеттік бағдарламалардан тыс жеке қаражат есебінен ағымдағы жылы жалпы құны 630,5 млн теңгені құрайтын 23 жоба іске асырылып, 129 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, құны 650,2 млн теңгені құрайтын 15 жобаның бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында толық іске қосылып, 117 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Аталған жұмыстардың орындалуына аудан әкімінің орынбасары, тиісті мекеме басшылары бірінші кезекте жауапты болады.
Әлеуметтік салаАудан бойынша жалпы халық саны 36019 болса, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 17585 (оның ішінде жұмыссыздар - 911), зейнеткерлер саны 3720, мүмкіндігі шектеулі жандар 1025, балалар мен жасөспірімдер 13689.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр.
2017 жылы аудан бойынша 781 жаңа жұмыс орны ашылды, жылдық жоспар 114,8 пайызға орындалды. (оның 739-і тұрақты). 2016 жылмен салыстырғанда 28 жұмыс орнына немесе 3,7 пайызға артты.
«Өрлеу» бағдарламасы арқылы әлеуметтік шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 1,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен 5,4 млн.теңге қаралған. «Өрлеу» жобасына 48 отбасы (309 мүшесі) тартылды, олардың 47-і тұрақты жұмысқа, 4-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойыншаӘлеуметтік жұмысқа 113, жастар тәжірибесіне 166, қоғамдық жұмыстарға 560 адам жолданып, осы мақсаттарға 70,2 млн. теңге қаржы жұмсалды.
Жұмысқа орналастырылу бойынша мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар саны 726 адам. Оның 239-і (32,9%) 16-29 жас аралығындағы жастар.
«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 12 рет өткізілді. Нәтижесінде 77 жұмыс берушілерден 169 жұмыс орындары ұсынылып, 169 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 42-і (24,9%) 16-29 жас аралығындағы жастар.
“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының” орындалуыЖыл басынан жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны – 2263 адам болса, олардың ішінде жұмысқа орналасқаны - 764 адам немесе 33,8 пайызды құрады. Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойыншаБағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 180 адамға 30,4 млн.теңге қаржы қаралып, 100 % игерілді. Есепті мерзімге 185 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды. Олардың 75–і (41,7%) 16-29 жас аралығындағы жастар.
Тігінші мамандығы бойынша жолданған 20 адам оқуларын аяқтап, ЖШС «Өркен Алем» тігін цехына тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Еңбекақыға қарыз туралыӨткен жылы меншік нысанына қарамастан мекемелерде еңбекақыдан қарыз жоқ.
Білім беру саласыАуданда болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалып отыр. Жалпы, білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді. ҰБТ қорытындысымен екі жыл қатарынан облыс бойынша бірінші орынды иеленді. 2017 жылы ауданның көрсеткіші 81,6 балды құрады. 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 293 оқушы аяқтаса, оның 215-і тест тапсырған. Бітірушілердің 192-і жоғары оқу, 89-ы арнаулы оқу орындарына оқуға түскен.
2017 жылы сала бюджеті 3 млрд. 463 млн. теңгені, яғни аудан бюджетінің 50 % құрады. 1 оқушыға бір жылға кеткен шығын орташа есеппен 2017 жылы 436 мың теңгеге жеткен (2016 жылы 386 мың теңгені құраған).
Аудандағы 20 мектептің барлығы типтік жобада салынған.
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы жалпы жай жөндеу жұмыстарына барлығы 17 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жасалды.
2017 жылы Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептің жылу қазандығына күрделі жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 12,3 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні №188, 117, 201 мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірленуде. Бұл мақсатта аудандық бюджеттен 8,2 млн теңге бөлінді.
Оқушыларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 65,0 млн.теңге бөлініп, 61644 дана оқулықпен қамтылды.
№31, 32, 123, 201 орта мектептерге және аудандық оқушылар Үйіне облыстық бюджет есебінен 16,8 млн.теңгеге «Робототехника» кабинеттері сатып алынса, облыстық бюджет есебінен 4,9 млн.теңгеге 515 дана оқушы партасы, 8,8 млн.теңгеге 94 дана компьютер сатып алынды.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 31,1 млн.теңгеге 20 мектепке 95 дана ақпараттық кешендер (компьютер, проектор, арнайы тақта), 61,6 млн.теңгегежаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 2,5,7-сыныптарға оқу-әдістемелік кешен сатып алынды.
Аудандық бюджеттен 3,7 млн.теңге қаржы бөлініп, 17 мектепке бейне бақылау камералары орнатылды.
Білім саласында жұмыс атқаратын 1146 мұғалімнің 913-не санаттары белгіленді. Биылғы оқу жылында мектептерге 30 жас маман қабылданды.
Ауданда 4 инновациялық мектепте (№31, 32, 123, 201) Үш тілде білім беруге дайындық жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл мектептер жаңа модификациялық физика кабинетімен жабдықталып, осы мақсатта облыстық бюджеттен 16,4 млн.теңге қаржы бөлінді.
Міндетті оқу қорынан әлеуметтік әлжуаз отбасы балаларын қолдауға 77 млн.теңге бөлініп, 972 балаға киім-кешек алынды, 500 оқушы Астана қаласына саяхатқа жіберілді, 1323 балаға ыстық тамақ берілді.
Аудан бойынша 39 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы мемлекеттік (780 бала), 16-і жеке балабақшалар (1061 бала) және 13-і мектептер жанындағы шағын орталықтар (315 бала). Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған бала саны 2156.
2017 жылға 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізуге міндеттеме толық орындалды.
Тіректі елді мекендерді дамыту мақсатында үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен 50,0 млн.теңге қаржы қаралып Мәдениет елді мекенінде 90 орындық балабақша құрылысы басталды.
2017 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында ауданда Мәдениет ауылынан «Жанайым» 50 орындық жеке балабақша, кент орталығынан «Інжу бөбек» 60 орындық жеке балабақша және Таң ауылынан «Таң бөбегі» 90 орындық жеке балабақша ашылды.
Облыс әкімінің 2017 жылғы 11 шілдедегі №831 «Коммуналдық мемлекеттік мекемелер құру туралы» қаулысымен «Жалағаш ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» ашылды. Бүгінгі күнге 22 балаға жеке даму бағдарламасы жасалынып, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап түзету жұмыстары жүргізілетін болады.
Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен мектептерді 11 дана жаңа модификациялық физика, химия, биология кабинетімен жабдықтау жоспарланып отыр.
М.Шәменов атындағы ауылдық округінде №34 орта мектеп ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты жалпы құны 900,0 млн. теңге құрайтын 300 орындық жаңа мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаты әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.
Денсаулық сақтау саласыҰлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Бүгінгі күні ауруды емдеу емес, оның алдын алу мәселесі алға қойылған. Аудан бойынша 1 аудандық емхана, 10 дәрігерлік емхана, 3 медициналық пункт, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 аудандық аурухана, 4 ауылдық аурухана халыққа медициналық қызмет көрсетеді.
Аталған емдеу мекемелерде 93 дәрігер, 479 орта буын медицина қызметкер жұмыс жасайды. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу 27,1 %.
2017 жылы 38052 аурушаңдық тіркелген, оның ішінде балалар 9818, жасөспірімдер 1794, ересектер 26440 адам. Алғашқы рет тіркелген аурулар 18599 адам.Денсаулық саласы бойынша ауданда 2017 жылы дүниеге келген бала саны 639, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 балаға кем туылған. Шетінеген бала саны 5, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 балаға көбейген. Сонымен қатар, жалпы қайтыс болған адам саны 182, былтырғы жылмен салыстырғанда 18 адамға азайған. Туберкулезбен ауырған 21 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 адамға азайған.
Үстіміздегі жылы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимараты құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 32,0 млн. теңге қаралды. Жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп болғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен аурухана құрылысы салынатын болады.
Жастар саясаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастардың әлеуетін одан әрі қарай қолдау мен дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді.
Осыған байланысты ауданда бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді.Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8865 азамат тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 24,7 пайызын құрайды.Оның ішінде ауылдағы жастар саны 4942 болса, кент орталығындағы жастар саны 3923 болып отыр.
2017 жылдың қаңтарынан «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады.
Аудандық жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 11 млн. 518 мың теңге бөлінді.
Үстіміздегі жылы жастар саясатын жүзеге асыруға 2,3 млн.теңге қаржы қаралған. Қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен 1 аудандық жастар форумы және 46 іс-шаралар өткізіліп, оған 3182 жас қамтылды.
2017 жылы «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» арқылы әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 80 шара ұйымдастырылып, оған 4260 жастар қамтылған.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 23 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 11-і қоғамдық қор болса, қалған 12-і қоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2017 жылы жергілікті бюджеттен 8 млн.теңге қаржы бөлініп, 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер апару қызметін ұйымдастыруға 7,9 млн.теңгеге қаржы қаралып, маусым-қыркүйек айлары аралығында 140 азамат саяхат жасады.
Діни бірлестіктермен жұмысҚазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы әділет органдарында тіркелген.
Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 48 шара ұйымдастырылып (6 дөңгелек үстел, 5 акция, 32 кездесу, арнайы ауданымызға шақырылған теолог мамандардың қатысуымен 2 оқыту семинар, 3 жеке кездесу) барлығы 3740 аудан тұрғындары қамтылды.
Сонымен қатар, ауданымыздың түлегі, кәсіпкер Сағынбаев Ерлан Ізбасқанұлының демеушілігімен кент орталығынан 300 орындық мешіттің іргетасы қаланса, кәсіпкердің бастамасымен биылғы жылы мешіт жанынан 250 орындық асхананың құрылысы басталатын болады. Мешіт құрылысы 2018 жылдың соңына дейін толық аяқталып, ел игілігіне берілу жоспарланып отыр.
Мәдениет саласыМәдениет саласының негізгі қызметі – мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсетуге, ел бiрлiгiнiң нығаюына бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Аудандық мәдениет саласы бойынша 1699 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 137 021 көрермен тартылды.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жаңа әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастыру, ұлттық өнерді дамыту, патриоттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Далдабай ауылдық клубы жанынан «Қобыз» үйірмесі, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанынан «Мұрагер» фольклорлық ансамбль, «Жігер» этнотобы құрылса, Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйі жанынан бұрынғы «Шұғыла» фольклорлық ансамблі қайта жаңғыртылды.
2017 жылдың 9 желтоқсанында Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» жобасы аясында «Туған жерге тағзым» атты жалпы республикалық акция өткізілді. Акция аясында Жалағаш ауданынан түлеп ұшып, бүгінде елімізідің әр қиырында абыроймен қызмет атқарып жүрген жалағаштық жерлестеріміз туған жеріне, өсіп-өнген ауылын көркейтуге, абаттандыруға өз үлестерін қосатынын жеткізді. Сонымен қатар жалпы құны 230 млн. теңгеге әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру мақсатында 7 меморандумға қол қойылды.
Осы меморандумдардың жүзеге асырылуын бақылау аудан әкімінің орынбасарларына тапсырылады.
Спорт саласы Бүгінгі таңда ауданның 9767 тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып, бұл жалпы тұрғындардың 27,1 % пайызын құрайды.
2017 жылы 92 спорттық іс-шара өткізілді. Бұл шараларға 15350 аудан тұрғындары тартылды.
Ұлттық және бұқаралық спортты дамытуға 23,0 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы ретте ауданымызда ауыл спортшыларының ХХХІ «Алтын күз-2017» облыстық спартакиадасы өтті.
Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыстық бюджет есебінен жалпы құны 193,0 млн.теңгені құрайтын Мәдениет елді мекенінде спорттық кешенінің құрылысы басталды.
Алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында спорттық нысандар салу қолға алынады.
Инфрақұрылым
Тұрғын үйАуданда жеке тұрғын үй салушылар қатары артып келеді. Жеке сектор есебінен өткен жылы 93 тұрғын үй, жалпы алаңы 10717 шаршы метр пайдалануға берілді, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.
Жалағаш кентінде жер алуға 1975 отбасы кезекте тұр. Бүгінгі күні инфрақұрылым жүргізіліп «Дәуімбай» учаскесінен 315, «Береке» учаскесінен 125 отбасыларына жер берілді. Алайда, жер телімдер осыдан екі жыл бұрын берілсе де, қазіргі таңда тек 28 отбасы ғана тұрғын үй салды.
Айта кету керек үш жыл ішінде берілген учаскеге құрылыс жүргізілмесе бұл жерлер қайта мемлекеттің меншігіне алынып, отбасы тұрғын үй кезегінен алынып тасталады.
Үстіміздегі жылы «Ақтерек» учаскесінде 170 гектарға 750 кезекте тұрған отбасыларын орналастыру үшін егжей-тегжейлі жоспар дайындалып, инфрақұрылым жүргізу жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу үшін 48,4 млн. теңгеге (оның ішінде жол құрылысы жобасын әзірлеуге 18,9 млн. теңге, электрлендіруге 12,8 млн. теңге, ауыз су жүйелеріне 16,7 млн. теңге) бюджеттік өтінім берілді.
Жалағаш кентіндегі 28 көп пәтерлі тұрғын үйлердің 19-на күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі анықталды. Жөндеу жұмыстарын қажет ететін 13 көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 2014 жылы 2 көппәтерлі тұрғын үйлерге (Жамбыл көшесі №4, Қазыбек би көшесі №2), 2017 жылы 2 көппәтерлі түрғын үйлерге (Қазыбек би көшесі №48, Қазыбек би көшесі №52) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы да 2 көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Пәтер иелерінен бүгінгі күнге 1331,5 мың теңге (59,1 %) бюджетке қайтарылды.Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуАудан көлемінде республикалық маңыздағы 91 шақырым, облыстық маңыздағы 32 шақырым автомобиль жолдары қанағаттанарлық жағдайда. Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 22,4 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Осыған орай аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 8 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, 2018 жылға республикалық бюджеттен 191,4 млн. теңге бөлу үшін сұраныс берілді. Бұл жобаның қаржысы бюджетті нақтылау барысында жоспарланатын болады.
Сонымен қатар, Мәдениет – Жүргенов – Жаңаталап - Аққыр бағытындағы автомобиль жолының 9,4 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеу жоспарлануда.
Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолының бойындағы «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына 288,1 млн теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша барлық ұзындығы 206,5 шақырым 202 көшелердің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 155,1 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Төле би көшесін күрделі, 71,2 млн. теңгеге А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен қаралған 33,3 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі жалпы ұзындығы 4,6 шақырым құрайтын 4 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. (І.Қабылов (1,1 шқ), С.Қалыбаев (1,1 шқ), И.Панфилов (1,2 шқ), Ы.Алтынсарин (1,2))
Көшелерді жөндеуге байланысты бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай Жалағаш кентіндегі 10 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 463,0 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржыландыруға өтінім берілді. Одан басқа Жалағаш кентіндегі 4 көшені (Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.
Халықты таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - бүгінгі таңдағы басты назарда тұрған міндеттердің бірі.
2017 жылы Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына бюджеттен 521,2 млн.теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаржы 100 пайызға игеріліп, Қаракеткен елді мекенінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының құрылысы 2018 жылы пайдалануға беріледі.
Алдағы жоспарда жоба-сметалық құжаттары әзірленген Мақпалкөл, Аққыр, Жаңадария ауылдық округтерінің ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарының жобасы қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Осы жобалар қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, Жаңақоныс, Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесін жаңадан салуға жоба-сметалық құжаттар әзірленетін болады. Оған жергілікті бюджеттен 9,0 млн. теңге бөлінді.
Елді мекендердегі электр желілерін дамыту2017 жылы Жалағаш аудандық электр торабымен барлығы 18 млн 799 мың теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Электр жүйелерінің жағдайын жақсарту мақсатында Аққұм, Мәдениет, Бұқарбай батыр, Аққыр, Жаңаталап, Жаңадария елді мекендерінің электр жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге қажетті 77,0 млн теңгеге облыстық бюджетке сұраныс берілді.
Сонымен қатар, елді мекендерде 223 тұрғын үй өз беттерінше электр желісіне қосылған. Осы тұрғын үйлерді талапқа сай электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ дайындауға 7,2 млн.теңгеге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу қарастырылуда.
Газдандыру Биылғы жылы Жалағаш және Тереңөзек кенттеріне ортақ автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы басталып, 2019 жылы аяқталады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген 132,0 млн теңгеге магистралдық желілер мен Жалағаш кентішілік желілер құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленген соң бірінші кезекте автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы жүргізіледі. Содан соң, кенттегі кварталішілік газ жүйесі құрылысы жүргізілетін болады.Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік туралыАудан көлеміндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын-алу бағытында Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында құқық қорғау органдарына ұсақ, майда құқық бұзушылыққа төзімділік танытпау, яғни мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып біршама жұмыстар атқарылды.
«Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында барлығы 1985 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оларға жалпы құны 10,4 млн.теңге айыппұл салынып, оның 5,5 млн. теңгесі бюджетке өндірілген.Аудан көлемінде тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 269-дан 281-ға, яғни 4,4 пайызға көбейген. Оның ішінде бөтен мүлік ұрлығы 1,4 пайызға өсіп отыр.
Көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі аудандық ішкі істер бөлімінің ескі ғимараты. Облыстық бюджет есебінен жалпы құны 929,5 млн.теңге ауданда құқық қорғау қызметін қолдау мақсатында типтік жобадағы аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылысы басталды. Бұл жоба 2018 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Қоғамдық-саяси ахуал туралыАуданда әлеуметтік саяси ахуал тұрақты. Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына тоқсан сайын қоғамдық бірлестіктер арқылы сауалнама жүргізіледі. Аудан көлемінде шиеленісуі мүмкін жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдалып отырған оқиғалар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары байқалған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.Өткен жылдың қорытындысымен аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 305 өтініш келіп түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардың өтініштері 2016 жылмен салыстарғанда 78 өтінішке көбейсе, ал заңды тұлғалардан түскен өтініштер 10 өтінішке азайған.
Негізінен, өтініш білдірушілер жер мәселесі, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй беру, мәдениет, білім, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік салалары бойынша жүгінеді.
Азаматтарды бекітілген жеке қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. 2017 жылы 268 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 175-і аудан әкімімен, 93-і аудан әкімінің орынбасарларымен қаралды. Жеке қабылдауда болған 268 адамның өтініштерінің ішінде 48-і оң шешімін тапса, қалған 220-ы түсіндірме беру арқылы жүргізілді.
Бүгін өздеріңізбен кездесіп, 2017 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, қысқаша айтып өттім. Ендігі кезекте алдымызда үстіміздегі жылы да ауқымды жұмыстар мен сындарлы сәттер күтіп тұр.
Атап айтқанда, аудан орталығы – Жалағаш кентін жаңғырту, абаттандыру және көркейту жұмыстарын жүргізу міндеті тұр. Осы жұмыстарға негізінен басымдық берілетін болады.
«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана халқымыздың қанатты сөзі бар. Елде тыныштық пен бірлік болса, алдағы уакқытта да аудан экономикасының қарқынды дамуына құтты қадамдар жасалып, Сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асыратын боламыз. Ең бастысы елдің тыныштығы мен береке-бірлігі.
Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы біздің ұлттық идеологиямыздың негізгі өзегі. Біздің ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көзі елде, ең бастысы еліміз аман болсын.
Сондықтан Сіздерді Елбасының жарқын болашақты, кемел келешекті көздеген мұраттарын алға апару жолында бірлесе отырып еңбек етуге шақырамын.
Пікір 2