КӘСІПКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ АУДАН ӘКІМІ ҚАЙРАТБЕК СӘРСЕНБАЕВ ӨҢІРДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ КЕҢЕЙТУ, ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫНДА ТИІСТІ САЛА БАСШЫЛАРЫНА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕГЕН БОЛАТЫН. ОСЫҒАН ОРАЙ, ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМІ БАСТАҒАН БІРҚАТАР КӘСІПКЕРЛЕР, АУЫЛ ӘКІМДЕРІ МЕН БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНА БАРЫП, АТАЛҒАН ӨҢІРДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ МЕН ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ. ІСКЕР АЗАМАТТАР ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАП, ШИЕЛІЛІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ. ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН ӨҢІРДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖАЙЫНДА БІЛУ ҮШІН ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛҒАН АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ЖАСҰЛАН ЕСПЕНБЕТТІ ӘҢГІМЕГЕ ТАРТҚАН ЕДІК.– Жасұлан Ерданұлы, Шиелі ауданында қан¬¬¬дай өндіріс орындарының жұмысымен та¬ныстыңыздар?– Досбол би елді мекеніндегі «Сейтжанов» ШҚ-ның фермасына қойған күн электростанциясының, жеке кәсіпкер Ж.Ержановтың алма бағының, «БЕТА и К» ЖШС-нің төрағасы Е.Машрапинның Жуантөбе ауылдық округі Алғабас елді мекенінен мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салған спорттық сауықтыру кешенінің, жеке кәсіпкер Е.Жеңсікбаевтың жылыжай кешенінің, «Мөлдір және К» серіктестігінің құс фермасының, «Асылхан» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңы және жеке кәсіпкер С.Ермахановтың «Ару Ана» түйе сүтін өңдеу цехының жұмысымен таныстық.– Осылардың ішінде, жылыжай, «Шиелі құс» фермасының жұмысына тоқталсақ. Мұндай жобаларды біздің ауданда жүзеге асыруға мүмкіндік бар ма?– Шиелі ауданы, Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан жеке кәсіпкер Е.Жеңсікбаевтың жылыжайында сарымсақ өсірілуде. Жеке кәсіпкер жылыжай құрылысын 2008 жылы іске қосты. Жалпы көлемі 35 сотық жерді құрайды. Кәсіпкер өткен жылдың қазан айында 18 сотық жерге сарымсақ егіпті. Оған тамшылатып суару әдісін қолдануда. Алғашқы өнімді алдағы наурыз айында жинауды жоспарлауда. Ал, «Мөлдір және К» серіктестігі жанынан құрылған «Шиелі құс» фермасының құрылысына 165 млн теңге инвестиция салынып, 2016 жылы тәулігіне 10 мың дана жұмыртқа өндірілген. Ағымдағы жылы құс фермасын кеңейту мақсатында «Даму Аймақ» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктен 33,5 млн теңгеге құрал жабдықтар алынған. Бүгінгі күні, онда 2 цехтың құрылысы бітіп, жұмыртқа саны тәулігіне 20 мың данаға артқан. Қазір құс фермасында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айта кетейік, «Мөлдір и К» құс шаруашылығынан бөлек, құрылыс материалдарын (темір бетон, шлакаблок) өндіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу бағытында жұмыс жасауда. Сонымен қатар, дәріхана және «Бастау» шағын несие ұйымы арқылы халыққа қызмет көрсетіп келеді. Біздің ауданнан барған кәсіпкерлер де осы жобаларды ауданда жүзеге асыруды көздеуде.– Ондағы кәсіпкерлікті дамыту бағы¬тындағы жұмыстар көңіліңізден шықты ма? – Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар барған жұмысшы топтың көңілінен шықты, аудан кәсіпкерлері көрген жобаларды ауданнан іске асыру бағытында жұмыс жасауда. Мысалы, 2018 жылы құс фермасы, алма бақ, сүт өңдеу цехы жобалары іске асырылады деген жоспарларымыз бар.– Ал, біздің ауданда кәсіпкерлік саласының даму қарқыны қалай? – Былтырғы жылдың он бір айының қо¬ры¬тындысы бойынша шағын және орта кәсіп¬керлік субъектілерінен аудан бюджетіне 102,8 млн теңге салық түсті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға жоғары. Ауданда 2361 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оларда 8457 адам еңбек етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет ұсынған бағдарламалар бойынша барынша қолдаулар көрсетілуде. 2017 жыл басынан жалпы құны 1 млрд 133 млн теңгені құрайтын 166 жоба қаржыландырылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы құны 550,9 млн.теңгені құрайтын 14 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алып, бағдарлама аясында берілетін жеңілдіктерге ие болды. Оның ішінен 4 жоба 98,6 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді. Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша өткізілген конкурсқа ауданнан құны 86,2 млн теңгені құрайтын 47 жоба ұсынылып, оның ішінен 10 жоба 6,1 млн теңгеге мақұлданды. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 4 жоба 32,8 млн теңгеге, сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші, микронесие беру бағыты бойынша 68 жоба 231,3 млн теңгеге қаржыландырылды.– Енді, өнеркәсіп саласына тоқталсаңыз...– 2014 жылдан бері ауданда өнеркәсіп өндірісінің, өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны байқалуда. Облыста өнеркәсіп өндірісінің физикалық индекс көлемі бойынша Жалағаш (2017 жылдың 1 қарашасына 3 млрд 311,4 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, 2016 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 8,5 пайызға артты) ауданы бірінші орынды иеленіп отыр. Талдау жасағанда өңдеу өнеркәсібі 6,1 пайызға, сумен жабдықтау 46,6 пайызға, сондай-ақ, электрмен жабдықтау 9,0 пайызға артқандығы байқалды.– Өз кәсібін ашуға ниетті азаматтар көп. Бірақ, олар өз ісін неден бастау керектігін білмейді. Мұндай жағдайда не істеу керек?– Ойлаған кәсіпті ашуға, ең алдымен, бизнес-идея керек. Жобаңыздың қолжетімділігін бағалау үшін салаға қатысты жан-жақты ақпарат жинаңыз, тілдесу арқылы кәсіпкерлердің тәжірибесіне көз жүгіртіңіз. Алдымен, кәсіп бастаушылар не ашқалы жатыр? Қай жерден? Қандай құрылғылар, материалдар керек? Өзінің табысын қалай елестетеді? деген сауалдарға жауап іздеу керек. Бұл бағытта ауданымызда Кәсіпкерлер платасының филиалы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары өз көмектерін көрсетуде. Олар бұл істің кіріс-шығысын есептейді. Мәселен, егер бұл сауда болса, табысқа жету үшін күніне қанша тауар сату керектігін, бұл бизнестен қаншалықты пайда көретінін, несиеге берілетін ақшаны дұрыс жұмсау сызбасын, тағы да басқа көптеген маңызды мәселелерді анықтап береді. Қарап отырсақ, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың барлығы кезінде шағын кәсіппен айналысып, кейін тұтынушының сұранысына сай бизнес аумағын кеңейткен. Олардың сөзінше, қандайда бір істі бастау үшін батылдық керек екен. Содан соң, халықпен жақсы араласып, тұтынушының талғамын білу керек. Ең бастысы, сіздің тауарыңыз сапалы болса, сұраныс артады. Міне, осылайша кәсібіңіздің өрісі кеңейіп, тұтынушы талғамынан шыға білесіз. Ал, біздің тараптан мұндай жағдайда арнайы оқытылып, кәсіптің қыр-сыры үйретіледі. Өткен жылдың маусым айында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы қысқа мерзімді оқыту курсы өткізілді. Оқу қурсына ауданнан 71 адам қатысып, барлығына сертификат табысталды. Қысқа мерзімді оқу курсын оқыған 250 азаматтың бүгінгі күнге 64-і мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылып, кәсібін бастады. – Соңғы сауал. Биыл кәсіпкерлікті дамытушылар мен кәсіп бастаушыларға қандай жеңілдік ұсынылмақ?– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша биылғы жылы жұмыссыздар және аудан кәсіпкерлері тегін қысқа мерзімді оқу курстарына оқытылып, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында пайызы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылатын болады.– Уақыт бөліп, сауалдарға жауап бер¬геніңізге рақмет! СұқбаттасқанНұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ. Жаңалықтар / Сұхбат 09 қаңтар 2018 ж. 1 627 0