Мәжілісмендер Сырдария аудандық емханасының жұмысымен танысты
Онда халық қалаулылары ауысымына 250 адамды қабылдайтын орталық емхананың жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті. Депутаттық топтың қатарында Қуаныш Сұлтанов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ерман, Балаим Кесебаева, Абзал Ералиев, Геннадий Шиповских болды.
Амбулаториялық емхана «150 дәрігерлік амбулатория, емхана және фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы» бағдарламасына сәйкес салынған. Тұрғындарға жалпы тәжірибелік, мамандандырылған, зертханалық, функционалдық – диагностикалық, фтизиатриялық қызмет түрлерін көрсетеді. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кездесу барысында медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, ақ халаттылардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, олардың зейнеткерлік жасын қайта қарау туралы айтылды.
Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі мәлім еткендей, депутаттар медицина қызметкерлерінің барлық ұсыныстарын назарға алды. Бақтықожа Ізмұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Жоспарында елімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосуда медицина саласын жетілдіру қажеттігіне тоқталғанын атап өтті. Мәжілісмен жаппай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу, кадрлардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, алғашқы медициналық көмек көрсететін мекемелерді қаржыландыруды күшейту мәселелерін де тілге тиек етті.
Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, Парламент қабырғасында қабылданған заңдар ел игілігіне қызмет етуі тиіс. Халық қалаулыларының өңірлердегі жұмыстың негізгі мақсаты - Елбасының халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жүктеген міндеттердің дұрыс орындалуын қадағалау және қарапайым азаматтардың өтініш тілектерін тыңдап, мәселелердің шешімін табуына ат салысу, жәрдемдесу. Аталған кездесуден кейін Мәжіліс депутаттары аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен әлеуметтік – мәдени мекемелердің жұмысымен танысты.