КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨПШІЛІКТІ ҚУАНТТЫ
Аймақ басшысы айтқандай, соңғы 4-5 жылда Қызылорда облысында оң өзгерістер орын алып, өңір экономикасының өсу динамикасы қалыптасты. Сыр елі үшін өткен жыл да жаман болған жоқ. Тек мұнай өндіруден ғана жоспарға сай өнімге қол жеткізе алмадық. Алайда, бұл кемшіліктердің орнын толтыру үшін экономикамызды әртараптандыру мақсатында біраз шаруа қолға алынды. Көбісі жемісін берді деп те толықтай айтуға негіз бар.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібін дамыту жөнінен республика бойынша көш басында. Өзге де салалар шеңберінде атқарылған жұмыстар да нәтижесін берді. Биыл Сыр елі үшін жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып белгіленді. Осы орайда 2018 жылы Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 32 млрд теңге бөлінеді. Аймақ басшысы аталған саланы дамыту масылдық көзқарастан арылудың тиімді тәсілі екенін жеткізді.
– Масылдық көзқарастан құтылудың бір ғана жолы бар. Ол – кәсіпкерлікті дамыту. Бюджетті нығайтып, көкейкесті мәселелерді шешудің бір ғана жолы – кәсіпкерлікті дамыту арқылы салықтық базаны нығайту. Қоғамда саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің де бір ғана жолы – аталған саланы ілгерілету. Себебі, көйлегі көк, қарыны тоқ халық ештеңеге ұрынбайды. Өзінің жеке кәсібі болса, әкеден балаға қалатын ұрпақтар арасында үндестік жалғасса, ешқандай кейкілжіңге жол берілмейді – деді аймақ басшысы.
Есепті кездесуде Қырымбек Көшербаев елімізде, оның ішінде Сыр өңірінде жүзеге асып жатқан барлық жобалар Мемлекет басшысының сарабдал саясатының, жемісі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол жыл басындағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға толыққанды түсіндіру керектігін және ондағы жүктелген міндеттердің ел қазынасын еселеудің тиімді тәсілі екенін айтты.
– Жаңа ғасырдың мұнайы – ақпарат пен сандық технологиялар. Соған біз тез бейімделуіміз керек. Елбасы Жолдауын әлі де түсінбей жатқан азаматтар бар деп ойлаймын. Оларды сынауға болмайды. Керісінше, оның тиімділігін толыққанды түсіндіріп айтуымыз керек. Әріптестеріме де осыны айтып келемін. Алдымен өзіміз түсініп барып, халыққа жеткізуміз керек. Себебі, жасанды интелект пен адами интелект бірлесе қызмет ететін уақыт жетті, – деді Қ.Көшербаев.
Өткен жылы аймақ экономикасын әртараптандыруға, инвестиция тартуға, салық базасын ұлғайту мен жаңа жұмыс орындарын құруға, білім беру және денсаулық сақтау мәселелерін шешуге қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылды. 2013 жылдан бері облыс экономикасына 1,3 триллион теңге инвестиция құйылды. Қазіргі таңда 16 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді. «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 20 жобаның 17-сі толық қуаттылығына шықты. Жобалар бойынша өнімнің экспорты соңғы кезеңде 24,3 пайызға өсті. Өңдеу саласында өнімді өндіру 5 жылда 27 пайызға артты. Бұл салада жұмыс жасайтын азаматтардың да қатары едәуір ілгеріледі деуге болады. 2013 жылдан бері өңдеу өнеркәсібі 3 есеге өсті. Осылайша өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша Сыр елі республикамызда 16 аймақтың ішінен оза шапты.

Кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша да біраз шаруа атқарылды. Шағын және орта кәсіпкерліктіің үлесі 24 пайызға жетті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Алайда, аймақ басшысы аталған саланы ілгерілету кем дегенде 45-50 пайызға жету керектігін тілге тиек етіп, әлі де тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Есепті кездесуде Қырымбек Көшербаев ауыл шаруашылығы саласы бойынша да үлкен жетістікке қол жеткізілгенін және оған жалағаштық еңбек азаматтарының да қосқан үлесі зор екенін ерекше атап өтті.
– Өткен жылы облыс 500 мың тонна Сыр маржанын жинады. Бұл – рекордтық өнім. Оның ішінде Жалағаш ауданынан 129 мың тонна күріш қамбаға құйылды. Бұл облыс бойынша жиналған Сыр салысының үштен бірін құрайды. Соңғы 5 жылда өнім сапасын арттыру 2 есеге артты. Мұның барлығы – диқан қауымының тынымсыз еңбегі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 42 пайызға, оның ішінде күрішті экспорттау 45 пайызға өсіп отыр. 2016 жылы алғаш рет бақша дақылдарын Ресейге экспорттау жаңаша серпін алып, қазіргі таңда бақша дақылдарын экспорттау 8 есеге өсті, – деді облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы.
Басқа салалар бойынша өнімдерді сыртқы нарыққа шығару бағытында тың серпінмен тиісті жұмыстар атқарылды. Балық өңдейтін жаңадан 5 зауыт іске қосылып, өнім экспорты 8 есеге өсті. Сондай-ақ, «Саратс» жобасының екінші кезеңі мақұлданды. Алдағы уақытта облыста дүниежүзілік банкпен 4 жоба және республикалық бюджетпен тағы 4 жоба жүзеге асады.
Биыл кәсіпкерлікті дамыту бағытында өзге де қыруар шаруа қолға алынады. Аймақ басшысы аталған саланы ілгерілетуде әсіресе Жалағаш пен Қармақшы аудандары кенжелеп қалғанын жасырмады. Сондықтан, аудан әкіміне тиісті жобаларды ұсынып, мүмкіндікті құр жібермеуге кеңес берді. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген 32 млрд теңгенің аталған аймақтарға көптеп бөлінетінін де атап өтті. Облыс әкімі өз сөзінде аудандарды газдандыру жұмыстарының осыған дейін не себепті тоқтап қалғанын жеткізіп, күзде Жалағашты көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетінін айтты.Сондай-ақ, кент орталығынан жаңа аурухананың құрылысы басталатынын және М.Шәменов ауылынан білім ошағы бой көтеретінін айтып, елді бір қуантып тастады. Кездесу соңында облыстағы оң өзгерістерге қаныққан аудан халқы аймақ басшысына алғыс білдіріп, алдағы атқарылар жұмыстарға сәттілік тіледі.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Пікір 2