Кәсіпкерліктің дамуы мәселенің шешілуіне негіз болады
Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың жылдық есебі осы аптаның сәрсенбісінде Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде қорытындыланды. Кездесуде халық алдында есеп берген аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайында баяндады.
Есеп беру жиынына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және облыстық басқарма, департамент басшылары, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, аудан тұрғындары қатысты. Өткен жылы ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері көтерілді. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімдерін өндіру 8,7 пайызға артып, 4,1 млрд. теңгеге жеткен. Жалағаш аграрлық салаға мән беріп отырған аудан болған соң, негізгі қорға тартылған инвестицияның көлемінде де өткен жылдармен салыстырғанда өсім байқалады. Мәселен, былтыр аудан бойынша 13 896 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 4,4 пайызға артқан. 2017 жылы барлығы 35458 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Соның ішінде 22475 гектар жерге күріш орналастырылып, 124286 тонна өнім алынған. Осы орайда Жаңадария ауылында өсіріліп, шет ел асқан бақша дақылдарын айналып өтуге әсте болмайды. «Магро» фермер қожалығы 100 гектар жерге қауын, 5 гектар жерге көкөніс дақылдарын егіп, нәтижесінде 931 тонна қауынның 574 тоннасын және 139 тонна болгар бұрышын Ресейге экспорттаған. Ал, қалған өнімдер батыс облыстарға және Қызылорда қалаларында қолжетімді бағамен нарыққа шығарылды.
Ауданда жыл артып мал шаруашылығы да өркендеп келеді. Мал басын арттыруда мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы зор екені белгілі. Аудандағы шаруашылық құрылымдар мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып отыр. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларының нәтижесінде төрт түлік малдың басы артқан. Жыл басынан бері мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруашылықтар 65 млн.теңге көлемінде субсидия алып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 6,6 пайызға, жылқы – 11,7 пайызға, түйе – 12,6 пайызға өсіп, ал, уақ мал 99,1 пайызды құраған. Осыған орай ауданда мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіші де жоғарылап, ет өндіру 2,5 пайызға, сүт өндіру 1,7 пайызға, жұмыртқа 1,1 пайызға еселенген.
Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жоқ десе де болады. Елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, нәтижесінде көптеген ауылдарда ауыз су мәселесі шешімін тапты. Ал, осы жылы Мақпалкөл, Аққыр, Жаңадария ауылдық округтерінің және Далдабай, Жаңақоныс елді мекендерін ауыз су жүйесін жаңартуға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Демек, алдағы уақытта ауыз суға байланысты талап-тілектерге нүкте қойылады.
Әрине, ауданда шешімін таппаған мәселелер де бар. Айталық, көп жылдан бері тұрғындар көкейіндегі түйткіл – аудандық орталық аурухана еді. Аудан орталығындағы асар әдісімен салынған қазіргі аурухана заман талабына сай емес. Басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындарға қызмет көрсететін типтік жобадағы жаңа аурухана керек-ақ. Сондай-ақ, жел тұрып, жауын-шашын болса жалп етіп сөніп қалатын электр желілерінің де әбден тозығы жеткен. Сонымен бірге аудан халқы көп жылдан бері көгілдір отынды күтіп жүр. Алайда, аудан басшысы есепті кездесу барысында бұл мәселелердің түйіні алдағы уақытта кезең-кезеңімен оң шешімін табатынын жеткізді. Ауданда кәсіпкерлік саласы кенжелеп қалған. Осы жайтқа ерекше тоқталған аудан басшысы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытқанда ғана аудандағы әлеуметтік мәселелердің түйіні тарқатылатынын айтты. Яғни, әрбір жеке тұлға мемлекет тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктерді орайлы пайдаланып, кәсіп етуі тиіс. Бұл – бүгінгі уақыттың талабы. Ендеше, нарықтың сұранысына орай кәсіп етіп, өзін-өзі және өзгелерді де жұмыспен қамтып, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп және бюджетке түсетін салық түсімін арттырғанда ғана аудан экономикасының өн бойына қан жүгіретіні белгілі. Иә, расында аудан экономикасының өсуі – халықтың әл-ауқатының артуына негіз болады.
Кездесу барысында аймақ басшысы тұрғындардың талап-тілектері мен сауалдарына орай жауап берді.
Аудандық аурухана ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін 32 млн теңге қаржы бөлініп, алдағы жылдары республикалық бюджет есебінен жаңа аурухана ғимараты бой көтеретінін жеткізді. Ал, жарты ғасырға жуық уақыт ішінде жөндеу көрмеген электр желілерін жаңарту үшін облыс бюджетінен қажетті қаржы бөлінетінін айтып, осы жұмыстарға жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ауданды газдандыру жобасының биыл басталатыны жылу маусымында қатты отыннан тапшылық көріп, қиналатын тұрғындарды бір қуантты. Аудан әкімінің өткен жылды саралап, алдағы міндеттерді нақтылаған есебіне тұрғындар оң баға берді.
Қуат АХЕТОВ.

Пікір 2