Танымал әзілкеш пәктігін саудалаған қызды эфирге шығарғаны үшін Ләйлә Сұлтанқызына шүйлікті
Таяуда 19 жастағы Айнұр Жәнібекова ел алдына шығып, пәктігін саудаға шығарғанын жария еткен еді. Қазақ қызының бұл әрекеті көпшіліктің жағасын ұстатты. Ал танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов арын саудаға шығарған қызды эфирден көрсеткен бағдарламаға шүйлікті. Ол Ләйлә Сұлтанқызына әлеуметтік желі арқылы хат жолдады, деп жазады Stan.kz.
"Разоблачение Өз Ойым-2! Құрметтi Ләйлә Сұлтанқызы! Мен сiзбен өз басым өте жақсы таныспын. Бiлiктi журналист ретiнде бағалаймын. Әйел бақытын ұғындырған тұлға ретiнде бiлемiн. "Қазақстан Республикасының Еңбек Сiңiрген Қайраткерi" деген атағыңызды да құрметтеймiн.
Соңғы күндерi оқырмандарымнан көп хаттар келдi. Қазақ қыздары "Өз ойымға" келiп ойына келгенiн айтып, әркiмнiң қойнында жатқанын жария еткенi қара қазақтың ызасын тудырып жатыр. Жетпегенi осы едi! Сондай тексiздердi телеарнадан дәрiптейтiндей, арсызды тұлға ететiндей не күн туды?! Ұлт жайлы әңгiме таусылып, бұт жайлы әңгiме тыңдауға лайық болдық па? Зиялы би-шешендердiң аузына емес, ұятсыз қыз-келiншектердiң аузына қарап қалдық па? Қыздың арын саудаға салсақ, саудамыздың бiткенi ғой. Қыздың арын қорғаймын деп, қызыл отқа оранған империялар болған. Сiздер қалай ғана қызармай, беттерiңiз бүлк етпей бетiмен кеткен қызды экранға шығардыңыздар?! Ендi осы iсiңiз Қазақстан Республикасының Еңбек Сiңiрген Қайраткерi деген атқа қаншалықты сай? Сiздердiкi атың шықпаса жер өртенiң кейпi ғой. Басқа ештеңе емес.
Барлығы үшiн сұраламыз. Сiз 2 млн-нан астам оқырман үшiн және экран алдында көрiп отырған әрбiр көрермен үшiн сұраласыз. Мен, осы тұрғанда 675 мың оқырман үшiн уайымдап жазып отырмын. Опщым, бұл - өз ойым!" - деп жазды Нұрболхан Instagram-дағы парақшасында.
Ал "Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек Нұрболханның ойымен толықтай келісетінін айтты.
stan.kz