Комада жатқан әйел сау баланы өмірге әкелді
Малайзияның Петалинг-Джая қаласында комадағы әйел бала босанды.
2018 жылы 36 жастағы Камария Арве дәрігерге басы айналып, көз жанары нашарлағанын айтып шағымданады. Оған бас миында жарақат бар деген диагноз қойылып, ота жасалады. Осыған қарамастан әйел желтоқсан айында комаға түсіп қалды. Бұл уақытта әйел жүкті болған.
Анасы ессіз күйд жатқанымен құрсағындағы сәби өсе берді. 33 апталығында оған кесарь тілігін жасап, баланы өмірге әкелді. Өмірге дені сау қыз бала келді. Оған Фара Ханис Файрол Хазири деген есім берді.
Әкесі әйелі мен қызының күтіміне қарауда.
"Әйелімнің есін жиған күйін көруді армандаймын. Қызым өзге балалар секілді сау болып өмірге келгеніне қуаныштымын", - деді баланың әкесі.
stan.kz