» » FaceApp технологиясы ата-анасының 18 жыл іздеген ұлын табуға көмектесті (видео)

FaceApp технологиясы ата-анасының 18 жыл іздеген ұлын табуға көмектесті (видео)



Қытайда ерлі-зайыпты бала кезінен ұрланған ұлын 18 жыл іздеді. Оны нейрондық желінің көмегімен тапты. 

Бүлдіршіннің суретінен бағдарлама арқылы ересек кезіндегі суретін жасады . 
2001 жылы мамырда үш жасар Ю Вейфен әкесі жұмыс істейтін Шэньчжэнь қаласындағы құрылыс алаңында ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті. Ата-анасы баланың жоғалып кеткенін байқап, бірден полицияға хабарлады.



Өкінішке қарай бейнебақылау камералары оның орналасқан жерін анықтай алмады. Алайда тергеушілер баланың ұрланғанын анықтай алды.
Осы уақыт ішінде Ронг пен әкесі Ю баланы іздеуді тоқтатқан жоқ. Олар барлық жерде оның фотосуретін іліп, хабарландыру жазды. Ата-аналар сонымен бірге ұлы туралы кез келген ақпарат үшін үлкен мөлшерде сыйақы төлеуге уәде берді. Алайда іздеу нәтижесіз болды.



Міне, 18 жылдан кейін полиция нейрондық желіні пайдаланып, 21 жастағы жігіттің шамамен портретін жасады. Танымал FaceApp бет өзгерту бағдарламасында қолданылатын технология пайдаланды. У Вайфеннің балалар суреттері образды жасауға көмектесті.



Екі айдың ішінде нейрондық желі баланың деректерін өңдеп, нәтижесін жүздеген жеке тұлғалармен салыстырды. Нәтижесінде жолғалған бала Гуанчжоудың студенті болуы мүмкін деген жорамал жасалды. Содан кейін тәртіп сақшылары онымен кездесті. Бастапқыда жас жігіт өзінің ұрланғанына сенбеді. Алайда ДНҚ тесті жігіттің ерлі-зайыптылармен қарым-қатынасын дәлелдеді. Ю-дің ата-анасы ұлын құшақтап, көз жасын тоқтата алмады.




https://stan.kz

26 шілде 2019 ж. 653 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930