» » Тау ішінде қаза тапқан баланың үрейін ұшырған не?

Тау ішінде қаза тапқан баланың үрейін ұшырған не?

Жеті жасар жеткіншектің денесі екі апта іздеуден кейін ауылға сегіз шақырым жерден табылды.Полиция жеті жасар баланың жайлаудан жалғыз өзі кетіп қалып, адасып, тау ішінде қаза болу себебін түсіндірді.
"Жоғалып кеткен бала достарымен бірге бір шопанның балалардың біреуін ұстап, сілкіп жібергенін көрген. Бақташы ер бала ұялы телефонын ұрлап алды деп ойлап, мойындатқысы келген екен. Мұны көрген баланың зәресі ұшып, қаша жөнеледі. Ал қалған төртеуі басқа бағытта кетеді. Тауды жақсы білмейтін жеткіншек адасып кеткен", — деп мәлімет берді Алматы облысы ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстанагенттігіне.
Бірақ полиция малшы балаларға пышақпен қоқан-лоққы көрсетті деген ақпаратты растамады.
2011 жылы туған бала 14 шілдеде төрт досымен жайлауға қыдырып барып жоғалып кеткен. Ол Ынтымақ ауылына Алматыдан қонаққа барыпты. Баланы екі апта бойы іздеген полиция оның денесін 27 шілдеде Ынтымақ ауылына жақын жерде тапты.
Жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

/sputniknews.kz/
29 шілде 2018 ж. 1 175 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031