» » Антарктида аса үлкен жылдамдықпен еруде

Антарктида аса үлкен жылдамдықпен еруде

Аустралия ұлттық университеті мен Британ антарктикалық қызметінің біріккен ғалымдар тобы Антарктида материгі осыдан 600 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10 есе жылдам еріп бара жатқанын анықтады.  Ғалымдар тәжірибе жасауға Джеймс Росс аралын таңдап алған екен. Олар онда тереңдігі 364 метр болатын скважина қазып, ол жерден алынған мұзға және беткі қабаттағы мұзға химиялық анализ жасаған екен. Нәтижесінде олар мынадай қорытындыға келген. Соңғы 600 жыл ішінде Жер шарындағы температура 1,6 градусқа жоғарылаған. Ал ең белсенді жылыну кезеңі соңғы 50 жыл болған.  Ғалымдардың айтуынша, егер ғаламдық жылыну дәл осындай қарқынмен жалғаса беретін болса, онда Антарктидадағы жаз мезгіліндегі ауа температурасы нөлдік көрсеткішке жетуі мүмкін. Ал ондай жағдайда мұздықтардың жаппай еруі орын алады.  Осындай ғаламдық апат орын ала қалса, еріген мұздықтардың салдары атмосфераға да әсерін тигізеді. Нақтырақ айтсақ, еріген мұздар астынан көтерілген метанның үлкен мөлшері ауаға тарап, әлемдік климатты түпкілікті өзгертіп жібермек.    

ÐнÑаÑкÑида аÑа үлкен жÑлдамдÑÒпен еÑÑде
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/10113
27 шілде 2019 ж. 806 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930