Ғалымдар Ресейде табиғат апаты қашан болатынын болжады
Моңғолия мен Ресей шығысындағы табиғи апаттар жаһандық жылу салдарынан күшеюі және жиілеуі мүмкін. Мұндай қорытындыға соңғы 38 жылдағы спутниктік мәліметтерді зерттеген америкалық ғалымдар тобы келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Лента.ру порталына сілтеме жасап.
Мамандар өнеркәсіптік революцияға дейінгі және кейінгі климаттарды сипаттайтын бірнеше теориялық үлгілерді қарастырды. Олар жылдан-жылға қайталанатын және табиғи себептерге тәуелді температуралар ауытқуларын анықтады, содан кейін 1979-2016 жылдар аралығындағы спутниктік мәліметтермен салыстырды.
Жаз бен қыс температуралары арасындағы ең үлкен айырмашылық Солтүстік жартышарының орташа ендіктерінде анықталған, ал максималды кереғарлық Шығыс Ресей мен Моңғолияда байқалған. Тропиктер мен полюстерде температура жыл бойы мүлде өзгермейді немесе аз өзгерген.
Ғалымдар бұл құбылысқа себеп ретінде табиғи апаттардың жиілеуіне алып келетін парниктік әсерді атап отыр.
Baq.kz
Пікір 2