» » Ғалымдар адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады

Ғалымдар адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады

Солтүстік Америкаада ғалымдар адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады. Анықталғандай, адамдар уайым, мазасыздық салдарынан артық салмақ қосуы мүмкін болып шықты, деп хабарлайды The North American Menopause Society журналына сілтеме жасап Stan.kz.

Солтүстік Америкадағы менопауза ұйымының мамандары (NAMS) зерттеу жүргізіп, адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады. Зерттеуге қатысқан әйелдердің 60 пайызынан астамы бойында үрей, мазасыздық сезімі барына шағымданған. Дәл осындай шағым айтқан қатысушылардың дені орта жастағы толық әйелдер болып шықты. Мамандар бұл құбылысты адамдардың бойында нерв жасушаларын зақымданудан қорғайтын эстроген гармонының деңгейі төмендеуімен түсіндірді.
«Мидың қызметінде маңызды рөл атқаратын гормондардың өзгеруі мазасыздықтың дамуына, артық салмақ қосуға алып келеді. Сондай-ақ, денедегі майлардың таралуына ықпал етеді», – дейді мамандар.

Источник: Stan.kz
08 наурыз 2018 ж. 1 094 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 060

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031