» » Ғалымдар қазақстандықтардың шашынан бағалы металл тапты

Ғалымдар қазақстандықтардың шашынан бағалы металл тапты


Шашта металдардың көп болуы экологиялық жағдайдың нашарлағанын білдіреді, деп хабарлайды 
Вaq.kz ақпарат агенттігі Амител басылымына сілтеме жасап.
Томск мемлекеттік университетінің химия факультетіндегі ғалымдар Сібір мен Қазақстан тұрғындарының шашына спектарлы талдау жасады және одан түрлі металл, тіпті бағалы металл да тапты.
Сарапшылардың пікірінше, шашта мұндай элементтердің болуы экологиялық жағдайдың бұзылғанын білдіреді.
ТМУ факультетіндегі лабаротория меңгерушісі Владимир Отмаховтың айтуынша, химиялық элементтердің адамға қатты әсер етуін шаш арқылы білуге болады. Сондықтан мамандар осы мәселені зерттеуді қолға алған.
Зерттеуге 18-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатысты. Томск пен Өскемен қалаларынан 30 адамнан алынды. Өйткені бұл аймақтарда түсті металл өндіретін кәсіпорындар көп.
Химиктер аталған қалаларда тұратын адамдардың организмінде вольфрам мен күмістің мөлшері көбейгенін анықтады.
Мұнымен қоса, Томск тұрғындарының ағзасында барий, алюминий және марганец мөлшері артық болып, темір, никель және мыстың жетіспеушілігі байқалған. Ғалымдардың айтуынша, бұл олар ішетін суға және қаладағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының көптігіне байланысты болып отыр.
Ал, Қазақстан тұрғындарының шашынан қорғасын, титан, алюминий, литий және тағы басқа элементтердің артық мөлшері табылды.
Енді ТМУ ғалымдары өнеркәсіптік аймақтарда тұратын тұрғындардың организміндегі жекелеген заттардың мөлшерін қалай азайтуға болатынын зерттемек.
29 қаңтар 2018 ж. 946 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930