» » Соңғы 40 жылда Қытайда теңіз деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр

Соңғы 40 жылда Қытайда теңіз деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр

Қытайдың метеорологиялық басқармасы жариялаған «Қытайдағы климаттың өзгеруі бойынша көк кітапқа» сәйкес, 1980 жылдан 2017 жылға дейін Қытайдың теңіз жағасындағы аймақтарда теңіз деңгейінің көтерілуі байқалған, орташа жылдамдығы жылына 3 миллиметрді құрап отыр, деп хабарлайды Trend.

Теңіз деңгейінің көтерілуі климаттың жылынуы, соның ішінде мұхиттың жылу аумағының ұлғаюы, мұздықтар мен мұз жамылғыларының еруі, құрлықтың су ресурстарындағы өзгерістер және т.б. көптеген факторлармен байланысты. 2017 жылы Боха шығанағы, Сары теңіз, Шығыс-Қытай теңізі және Оңтүстік-Қытай теңізінің жағалаулық аудандарындағы су деңгейі 1993 жылдан 2011 жылға дейінгі орташа деңгейден 42 миллиметр, 23 миллиметр, 66 миллиметр және 49 миллиметрге жоғары болған. Сондай-ақ, бұл кітапта жаһандық жылынудың жалғасып жатқандығы аталып өтілген. 
21 сәуір 2018 ж. 1 402 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 560

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930