» » Еліміз арқылы Бакуге жөнелтілетін Қытайдың алғашқы жүк пойызы жолға шықты

Еліміз арқылы Бакуге жөнелтілетін Қытайдың алғашқы жүк пойызы жолға шықты


Қытайдың Үрімші қаласынан шыққан автобөлшектер, инженерлік техникалар мен тұрмыстық заттар тиелген жүк пойызы Алашаңқай бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қазақстанның Құрық портына жетеді. 36 контейнер одан әрі теңіз тасымалдары арқылы Бакуге жөнелтілетін болады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қазақстан мен Қытай темір жолдары ведомстволарының ынтымақтастығы арқасында ашылған Үрімші - Құрық - Баку жаңа бағыты Қытай мен Грузия, Иран, Әзербайжан, Түркия және Еуропа елдері арасында жүк тасымалдары үшін жоғарытиімді және ыңғайлы логистикалық дәліз болып табылады. Шыңжаң теміржол ведомствосының мәліметіне сәйкес, теміржол мен теңіз тасымалдарын қамтитын жаңа бағыттың жалпы ұзақтығы 4186 шақырымды құрайды, жолдағы уақыт - 8 күн. Бұл теміржол тасымалдарының үштен екісі. "Синьте" Шыңжаң халықаралық логистикалық компаниясы бас директорының орынбасары Нань Цзюнь атап өткендей, 2018 жылы Үрімшінің қабылдау-үлестіру орталығынан Еуропаға 1400 жүк пойызын жөнелту көзделген. 

inform.kz
22 қаңтар 2018 ж. 1 164 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031