» » Жапонияда аптап ыстық: 11 адам қаза тауып, 5 мыңнан астамы ауруханада жатыр

Жапонияда аптап ыстық: 11 адам қаза тауып, 5 мыңнан астамы ауруханада жатыр



Жапониядағы аптап ыстықтан 11 адам қаза тауып, 5 664 тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония жаңалықтар агенттігінің дерегі бойынша, елдегі температура жаңбыр маусымының аяқталуына байланысты бірден көтерілген.
Өткен аптадағы науқастар санымен салыстырғанда, ыстықтан зардап шеккендер саны үш есе өскен. Өрт пен табиғи апатқа қарсы күрес агенттігінің дерегіне сәйкес, ыстықтан зардап шеккендердің 52,6 проценті – 65 жастағы және одан үлкен адамдар.
Ауруханада жатқандардың ішінде 119 науқас, дәрігерлердің айтуынша, кем дегенде 3 апта емдеу мекемесінде жатуы керек. Тағы 1 792 адамның жағдайы ауыр.
Жапонияның 11 префектурасында 11 адам қаза тапты. Айти префектурасында ең көп адам – 392, Осака мен Токиода тиісінше 388 және 299 адам ауруханаға жатқызылған.
Синоптиктердің дерегінше, келесі аптада Жапонияда ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.
31 шілде 2019 ж. 457 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 085

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031