» » 6 жасар блогер қыз 8 млн долларға бес қабатты үй алды

6 жасар блогер қыз 8 млн долларға бес қабатты үй алды

Оңтүстік Кореядан шыққан 6 жастағы блогер өзіне 5 қабатты үй сатып алды. Үйдің құны 8 млн доллар тұрады. 


Көппәтерлі зәулім үй Сеулдің ең қымбат Каннамгу ауданында орналасқан. Дәл соған кезінде Gangnam Style әні арналған еді.

Желінің кішкентай жұлдызы үй алмай тұрып-ақ танылып үлгерген. 

6 жасар Борам Boram Tube Vlog және Boram Tube ToyReview деп аталатын екі арна жүргізеді.

6 жаÑÐ°Ñ Ð±Ð»Ð¾Ð³ÐµÑ ÒÑз 8 млн доллаÑÒа Ð±ÐµÑ ÒабаÑÑÑ Ò¯Ð¹ алдÑ

Біріншісінде ол өз өміріндегі оқиғаларды айтады, екіншісінде ойыншық үлгілерін жасайды. Оның аудиториясында 34 млн адам бар.

Борам өз арнасынан 3 млн долларға жуық ақша табады. Оның 5 қабатты үй алуының да мәні сонда. 

Үй Борамның ата-анасының атына жазылды. Үй алу туралы келісім 2019 жылдың 3 сәуірінде жасалды. 

6 жаÑÐ°Ñ Ð±Ð»Ð¾Ð³ÐµÑ ÒÑз 8 млн доллаÑÒа Ð±ÐµÑ ÒабаÑÑÑ Ò¯Ð¹ алдÑ

Желі қолданушылары корейлік кішкентай блогер қыздың пысықтығын сөз етті. Енді бірі ата-анасы жас баланың психикалық дамуына кері әсер етуде деп сөкті. 

2017 жылы бұған қатысты сот болды. Сот шешіміне сәйкес, қыздың ата-анасына балаға қатаң қарау жөнінде кеңес алу артықтық етпейтіні айтылды. 



stan.kz

05 тамыз 2019 ж. 560 0