» » Егіз жігіттер егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасады

Егіз жігіттер егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасады


34 жастағы Джош пен Джереми қыздарды егіздер фестивалінде кездестірді. Қос жігіт Бриттани мен Бриананы бір көргеннен ұнатқандарын айтады.

«Бұл менің өмірімдегі ең ғажап сәттердің бірі. Құдды кинодағыдай болды. Уақыт бір сәтке тоқтап қалып, барлығымыз арадағы байланысты сездік», – деп еске алады Бриана.
Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.



Бүгінде Бриана Джеремимен, ал Бриттани Джошпен көңіл жарастырған. Таяуда деректі фильм түсіріліміне қатысқан егіз жігіттер бір уақытта ғашықтарына ұсыныс жасады.
Ал Бриана мен Бриттани ештеңені сезген жоқ. Қос жігіт тізерлеп отырғанға дейін олар бар болғаны жарнама түсіріліміндеміз деп ойлады.



«Олар бізге қатты ұқсайды. Бұрын кездескен қыздар бізді аса түсіне қоймайтын. Шындығында егіз қыздарға кезікпейінше үйленбейтінімізді бұрыннан білеміз», – дейді егіз жігіттердің бірі Джош.
Ғашықтар алдағы жазда шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр.



http://stan.kz
21 ақпан 2018 ж. 1 927 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031