СПАРТАКИАДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл толуына орай «СПОРТ ПЕН БІЛІМ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» атты инновациялық мектеп-лицей оқушылары арасындағы спартакиада қорытындыланды.
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үстіміздегі жылдың 17-ақпанында, инновациялық мектеп оқушылары арасында «СПОРТ ПЕН БІЛІМ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» тақырыбында волейбол спорт түрі бойынша қыздар және ұлдар арасында жарыс өткізілді. Айта кетейік, бұған дейін кіші футболдан және қол күрестен төмендегі білім ошақтары өзара бақ сынасқан болатын. Сайысқа барлығы 10 мектеп қатысты. Атап айтар болсақ, №2 ДБАМ «Мұрагер», №3 мектеп-гимназиясы, №ДБА «Дарын» мектебі, №5 меткеп-лицейі, №9 және №10 БИЛ, №11 мектеп-лицейі, №12 мектеп, №31 Жалағаш ауданындағы мектеп, №268 мектеп-лицейі және Назарбаев Зияткерлік мектебі. Жарысқа 10 мектептен қыздар, ұлдар командаларынан барлығы 220 оқушы келді. Спорттық сайыстың көздеген басты мақсаты: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл толуына орай, пилоттық және инновациялық мектептермен тәжірибе алмасу, спортты жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты арттыру.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Бахыт Әмірханұлы, оқушыларымызға білім мен қатар спортты жанына серік ету керектігін және салауатты өмір салтын қолдап, әрқашан сергек жүру бүгінгі күннің басты талабы екенін тілге тиек етті. Сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.
Ашылу салтанатынан кейін, қатысушы командалар үш топқа бөлініп, топ ішіндегі ойындар басталды. Ойындардың барлығы айналмалы әдіс бойынша өтті. Ақтық ойындарда әр топтан бір командадан шығып, үш команда өзара жүлделі орындарға таласты. Топ ішіндегі ойындар өте тартысты әрі қызықты болды. Тек қана жеңіске жетуді көздеп келген жас өрендердің, спорттық сайысқа сақадай сай дайындықпен келгені көрініп тұр. Барлық ойындарда оқушылар өз шеберліктерін көрсетті. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін спорттық шарада, ұлдар командасынан ақтық сынға НЗМ, №4 Дарын мектебі және №12 мектептері шықса, қыздар арасында НЗМ, №11 мектеп-лицейі және №2 Мұрагер мектептері жолдама алып, үш команда үш жүлделі орынды сарапқа салды.
Жарыс нәтижесі бойынша ұлдардан құралған командалар арасында ІІІ орын №12 мектеп командасына бұйырса, Зияткерлік мектептің спортшылары ІІ орынды қанағат тұтты. Ал, сайыста командалық ұйымшылдықты көрсетіп, ерекше ойынымен спорт жанкүйерлерінің делебесін қоздырған №4 «Дарын» мектебі жеңіс тұғырына шықты.
Ал, қыздар арасындағы сайыстың ІІІ орынына №11 мектеп-лицей жайғасса, ІІ орын №2 «Мұрагер» мектебіне бұйырды, НЗМ-ң спортшы қыздары намысты қолдан бермей, жарыстың жеңімпазы атанды.
Командалық марапаттармен қатар, ойында шебер ойын көрсетіп, көзге түскен жеке ойыншыларда мектеп директорының дипломына ие болды. Атап айтатын болсақ, ұлдар командалары арасында «Үздік шабуылшы» номинациясымен №5 мектептің ойыншысы Марат Айтбек,«Үздік қорғаушы» номинациясымен «Дарын» мектебінің ойыншысы Әбибулла Мағжан, «Үздік үйлестіруші» номинациясымен №3 мектеп ойыншысы Шамау Нұржігіт,«Үздік ойыншы» номинациясымен №12 мектеп ойыншысы Ибадуллаев Рауан марапатталды.
Қыздар арасында «Үздік шабуылшы» номинациясымен «Мұрагер» мектебінің ойыншысы Әскербек Фаризажан, «Үздік қорғаушы» номинациясымен №3 мектебінің ойыншысы Жалғасова Ақтоты,«Үздік үйлестіруші» номинациясымен №11 мектеп ойыншысы Балғабай Сымбат, «Үздік ойыншы» номинациясымен НЗМ ойыншысы Садуақас Айдана марапат биігінен көрінді.
Спорттың үш түрі бойынша өзара бақ сынасқан спартакиаданың жалпыкомандалық есебі бойынша, ІІІ орынды №4 «Дарын» мектебі иеленсе, №3 мектеп-лицейі ІІ орынға табан тіреді. Жүлделі І орын НЗМ-не бұйырды. Спартакиада өз деңгейінде өтіп, командалар мен ойыншылар дипломдар мен кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар барлық білім ошақтарының басшыларына алғыс хат және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікір 2