» » «Жыр тұлпары – Мұқағали»

«Жыр тұлпары – Мұқағали»


Бүгін Жалағаш аудандық кітапхана мен "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық кітапханада Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай жастар арасында «Жырлайды жүрек» тақырыбында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Сонымен бірге, ақынның шығармашылық әлемін жастарға кеңінен насихаттау, таныту мақсатында «Жыр тұлпары – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар ІІ кезең бойынша сайысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға салды. Онда аудандық аналар кеңесінің төрайымы Р.Ерәлі, ақын әрі сазгер А.Орынбаева және аудандық кітапхана редакторы Ұ.Нұрымбетовалар қазылық етті.
Байқау нәтижесімен, 1 орын №201 мектеп-лицей оқушысы
Диана Шәментайға, 2 орын №202 орта мектеп оқушысы
Аружан Тасболатқа, ал 3 орын №123 мектеп-лицей оқушысы
Қанат Нұргүлге тиесілі болды.
Барлық қатысушы көркемсөз оқу шеберлеріне ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табысталды.

15 ақпан 2018 ж. 1 885 0