» » » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БІЛІМГЕ ҚОЛДАУ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БІЛІМГЕ ҚОЛДАУ


СОФИЯ КАМАЛОВА: "Биылғы Жолдаудың ерекшеліктері көп.Білім саласындағы елеулі жаңартулар Елбасы тарапынан қолдауға ие болды. Сол жаңашылдықтың бірі ол - жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жәнебілім берудің өзіндік озық жүйені қалыптастыру болып табылады. Жаңартылған мазмұнмен жұмыс жасайтын мұғалімдер жалақысының 30% көбейетіндігі де бізді қуантты. Бұл мұғалім мәртебесі мен еңбегіне деген құрмет деп білеміз. Себебі, жаңартылған білім беру бағдарламаларымен жұмыс жасайтын мұғалімнен үздіксіз ізденіс пен шығармашылық талап етіледі.
Жолдаудағы тағы бір назар аударатын мәселе педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау болып отыр. Осы тұста айта кетеріміз, әлемдік стандарттарға сай жүргізілетін жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстары жайлы болмақ. Осыған орай, Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығы педагогтерді кәсіби дамытудың жаңа моделін әзірледі.
Жолдауда атап көрсетілгендей, еліміздің жоғары оқу орындарында педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Сонымен бірге, орта білім мазмұнын жаңарту іске асқанымен, оқу орындарының дайындайтын мамандарының бұл бағдарламамен жұмыс жасай білуі өте маңызды".
15 қаңтар 2018 ж. 1 223 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930