» » » БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ ЕСЕСІН ЖІБЕРМЕЙДІ

БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ ЕСЕСІН ЖІБЕРМЕЙДІ


ЛӘЗЗАТ МИКЕЕВА: "Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен анықталмақ. Білімі мен ғылымы жан-жақты дамыған мемлекет әлемдік бәсекеде есесін ешкімге жібермейді. Сол себепті Елбасымыз білім саласын ерекше назарда ұстап, оны мемлекеттің даму саясатының өзегі деп біледі.

Жолдауды оқи отырып, жалпы орта білім беруде өзгерістер мен жаңа бастамалар жүзеге асырылатына қуанамыз. Мәселен, оқушыларға берілетін тапсырма азаяды. Өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу міндеті жүктелген мұғалімдердің еңбегі де назардан тыс қалмай, тиісінше бағаланатын болып отыр. 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі.

Алдағы уақытта әрбір мұғалім өзін кәсіби жетілдіруге талаптанып, ынталанып отыратын болады. Мұғалім кәсіби жетілсе, оқушы да жетіледі деген сөз. «Ұрпақтың ұлықтығы ұстаздың ұлағатымен өлшенеді» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаса керек".

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

#ЕлбасыЖолдауы2018
#Қызылордаоблысы

15 қаңтар 2018 ж. 1 042 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930