» » БЕЛГІЛІ ӘНШІ КӨШЕДЕГІ АДАМДАРҒА МИЛЛИОН ДОЛЛАР ТАРАТТЫ

БЕЛГІЛІ ӘНШІ КӨШЕДЕГІ АДАМДАРҒА МИЛЛИОН ДОЛЛАР ТАРАТТЫ


Рэпер Дрейк кейбір отбасыларға жаңа автокөлік сатып әперіп, көшедегі мұқтаж жандарға бума-бума ақша берді.

Канадалық хип-хоп орындаушы, актер әрі продюсер Дрейк (Drake) өзінің God's Plan деп аталатын жаңа клипінде жоқ-жітікке миллион долларға тарта ақша таратты, деп хабарлады РИА Новости. Видео әртістің YouTube-тегі каналында жарияланды.  
    Variety агенттігінің мәліметінше, музыкалық клипте рэпер Майами университеті студенттерінің бірінің оқу ақысына 50 мың доллар төлейді, жастар орталығына 50 мың және өрт сөндіру бөліміне 20 мың доллар көмек көрсетеді, тағы 10 мың долларды Майами университеті жанындағы музыкалық мектепке береді. Сонымен қатар, ол кейбір отбасыларға жаңа автокөлік сатып әперіп, көшедегі мұқтаж жандарға бума-бума ақша таратады. Рэпер барлығы 997 мың доллар жұмсаған.  
    Әнші Instagram-дағы парақшасында God's Plan клипі аясындағы адамдарға көмек көрсету акциясы өзінің карьерасындағы ең маңызды іс болғанын атап өтті.  
    Sputnik  





21 ақпан 2018 ж. 992 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930