Қазақстанның сүт фермасы инвесторлардан 10,4 млн доллар алды
Қазақстан-Венгрия тікелей инвестиция қоры Ақмола облысында орналасқан фермаға 10,4 млн доллар инвестициялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы 1,5 мың сиыры бар ферманы жабдықтау және тағы да 1,5 мың сиырға арналған сүт-тауар өндірісін дамытуға жұмсалады. Осылайша ірі қара санын 580-нен 3 мыңға дейін көбейту жоспарланды.
«Жобаға Қазақстан және Венгрия тарапы бірдей атсалысып отыр. Венгрияның экспорттық-импорттық банкі «ҚазАгро» холдингін 4,66 млн доллар берді. ADM Capital басқару компаниясы қосымша 94,2 мың доллар жіберді. Қазақстандық инвесторлар 1 млн долларды жем есебінде құяды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Венгрия тікелей инвестициялар қоры «ҚазАгро» холдингінің жетекшілігімен құрылған болатын. Оның басты мақсаты – Қазақстан территориясындағы ауыл шаруашылық жобаларын қаржыландыру.
Пікір 2