Қытайда жасанды ақылды дамытуға арналған парк құрылады
2023 жылға қарай Пекинде жасанды ақылды дамытуға бағытталған техникалық парк салынады. Ал жобаға салынатын инвестиция құны – 2,1 млрд доллар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.
Аумағы 54,87 гектарды қамтитын парк Пекиннің Ментугу ауданында бой көтереді. Жобаға салынатын инвестиция құны — 13,8 млрд юань. Паркте жылдық табысы 50 млрд юаньге (7,7 млрд доллар) жететін 400 кәсіпорын жұмыс істейді.
Технологиялық парк құру жұмыстарымен Чжунгуаньцунь ғылыми орталығына қарайтын компания айналыспақ. «Қытайдың Кремний алқабы» аталып кеткен орталық 1950 жылы құрылған болатын. Паркте бесінші дәуір ұялы телефоны, суперкомпьютер жұмыс істейді. Мұнымен қатар, ол Қытай және шетел университеттерімен тығыз байланыста болады.
Пікір 2