Жапонияда императордың таққа отыруына байланысты 550 мың адамға рақымшылық жасалмақ
Қазір Жапония жалпы 57 мың адам түрмеде отыр.
Жапония үкіметі елдің жаңа императоры Нарухитоның таққа отыруына байланысты сотты болған 550 мың адамға рақымшылық жариялауды көздеп отыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Ресми дереккөздердің мәлімдеуінше, рақымшылықтың егжей-тегжейі туралы соңғы шешімді ел үкіметі осы аптаның аяғына қарай қабылдайды. Содан кейін оны монарх мақұлдауы қажет.
Бұған дейін Жапонияда 1990 жылы – император Акихито таққа отырғанда істі болған 2,5 млн адамға рақымшылық жасалған. Енді император тақты өз еркімен ұлы Нарухитоға тапсырды.
Қазір Жапония жалпы 57 мың адам түрмеде отыр. Император Нарухито биыл 1 мамырда таққа отырған. Сол кезде оған мемлекеттің бас мөрі мен император мөрі, мемлекеттік символдар тапсырылған. Бірақ жаңа императордың таққа отыруына байланысты басты салтанаттар 22 қазан күні және қараша айында өтеді.