» » Тарихта алғаш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты

Тарихта алғаш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты

Америка астронавтары Кристина Кук және Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясында ақау пайда болған сыртқы энергия блокты алмастыруы тиіс болған.

Тарихта алғаш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты

Тарихта тұңғыш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты, деп хабарлайды ktk.kz.

Америка астронавтары Кристина Кук және Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясында ақау пайда болған сыртқы энергия блокты алмастыруы тиіс болған. Бұл процесс шамамен алты жарым сағатқа созылуы мүмкін деп хабарлады жұма күні NASA ғарыш агенттігі. Агенттіктің хабарлауынша, Кук пен Меир жөндеуі тиіс энергия блоктағы ақау халықаралық ғарыш станциясының жұмысына қауіп төндірмейді, тек қосымша энергия көзінен айыруы мүмкін.

Бортинженер Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясына қыркүйек айының соңында келген. Ол ресейлік "Союз МС-15" ғарыш аппаратының бортында болған ғарышкерлермен бірге ұшып келген. Меир ұзақ уақытқа созылатын ғарыш экспедициясына қатысады.

МКС-59/60 бағдарламасының бортинженері Кристина Кук халықаралық ғарыш станциясында наурыз айының ортасынан бері жүр. Жоспар бойынша, 2020 жылы ақпан айында Жерге оралады. Ол сол кезде ғарышта ең көп болған алғашқы әйел-астронавт (335 күн) атанбақ.


21 қазан 2019 ж. 575 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930