» » Байқоңырдан “Союз-2.1A” зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан “Союз-2.1A” зымыраны ұшырылды

Бүгін сағат 14:11-де Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына «Прогресс МС-08» жүк кемесін тіркеген «Союз 2.1А» зымыран тасығышы ұшырылды.
Бұл туралы Ria.ru хабарлады.
Зымыран халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға жанармай, сығымдалған газ, су, ғылыми құралдар, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды жеткізеді.
«Союз 2.1а» зымыран тасығышы әуелде 11 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған болатын. Бірақ ұшыру 13 ақпанға шегерілген.
Зымыран қозғалтқыштары автоматты түрде өшіп қалғандықтан ұшырылмай қалған еді. Енді әуе кемесі станцияға екі тәулік өткеннен кейін, 15 ақпан күні 13.45-те жетеді деп жоспарланған.
14 ақпан 2018 ж. 1 165 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930