» » АҚШ 2017 жылы ғарыш кемесін ұшыру санынан алға шықты

АҚШ 2017 жылы ғарыш кемесін ұшыру санынан алға шықты


АҚШ 2017 жылы 2003 жылдан бері бірінші рет ғарышқа аппарат ұшыру саны жағынан өзге елдерден озып кетті. 2017 жылы АҚШ ғарыш айлағынан барлығы 27 зымыран тасығыш ұшырылған және олардың барлығы сәтті болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ресей былтыр ғарышқа 20 зымыран тасығыш, Қытай 19 зымыран тасығыш ұшырған. Екі елде де бір зымыран тасығыштың ұшырылуы сәтсіз болды. Ресей 2003-2015 жылдары ғарышқа ұшырған зымыран тасығышы саны жағынан бірінші орында болған еді. Өткен жылы ұшырылған барлық зымыран тасығыштың үштен бірі АҚШ-тың үлесіне тиеді және оған көбінесе SpaceX жекеменшік компаниясының белсенділігі себеп болған. Бұл компанияның Falcon-9 зымыран тасығыштары орбитаға 18 рет ғарыш аппараттарын шығарған.
SpaceX өкілдерінің сөзінше, компания биыл ұшыратын зымыран тасығыш санын 27-ге жеткізбек. Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың мемлекеттік ғарыш компаниясы 2018 жылы 35 рет зымыран тасығыш ұшыруды мақсат етіп отыр.
Falcon 9 зымыран тасығыштары ресейлік зымыран тасығыштарға айтарлықтай бәсекелестік тудырған. Америкалық сарапшылар биыл «Роскосмос» зымыран тасығыш ұшыру санын онша көбейтпейді деп болжайды.
SpaceX таяу жылдары астронавт алып ұшатын ғарыш кемелерін ұшыру нарығында ықпалды ойыншыға айналуы мүмкін. Компания бортында екі астронавт болатын Dragon-2 ғарыш кемесін бірінші рет биыл жазда сынақ ретінде ғарышқа ұшырмақ.
06 қаңтар 2018 ж. 1 176 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031