» » Біреуін алсаң, екіншісін тегін беремін: Жаңа туған нәрестені сатуға қойған адам іздестірілуде

Біреуін алсаң, екіншісін тегін беремін: Жаңа туған нәрестені сатуға қойған адам іздестірілуде

АҚШ-тың Флорида штатының полиция қызметкерлері сайтта жаңа туған сәбиін 500 долларға сатпақшы болып, хабарландыру берген тұрғынды іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жаңа туған нәресте сатылады. Бағасы 500 доллар. Балаға екі апта болды. Түнде тыныш ұйықтайды, ешкімнің мазасын алмайды. Балаға сүт қоспасы мен киім-кешегі қоса беріледі. Бұған қоса сәбидің 4 жасар әпкесін бере аламыз", - делініпті 22 қараша күні жарық көрген хабарламада.
Бұған қоса хабарландырудың авторы өзін "бала тәрбиелегісі келмеген үшін жазаланғысы келмейтіндігін" жеткізіпті. 
Қазіргі кезде бұл хабарландыру интернеттен өшірілген. Полиция қызметкерлері оның авторын іздестіріп, тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Іске қатысы бар деген күдікпен бір әйел тергеуге алынған, алайда ол кінәсін мойындамапты.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар хабарламаның IP мекен-жайы бойынша интернетке жазба қалдырған адамды табуды жоспарлауда. Сөздерінше, ол адам өзін "тыныш әрі ауқатты ауданда" тұратындығын жеткізген. 
 

stan.kz
28 қараша 2019 ж. 548 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031