» » Масктың жаңа машинасына 146 мың тапсырыс түскен

Масктың жаңа машинасына 146 мың тапсырыс түскен

Масктың жаңа машинасына 146 мың тапсырыс түскен
Машина дизайны “Ұстара жүзімен жүгіру” (Blade Runner) фантастикалық фильміндегі машиналарға ұқсатып жасалған. Масктың машинасының 3 нұсқасы бар. Біріншісі, толық қуатпен 300 шақырым жүре алады, машинада бір қозғалтқыш. Оның бағасы – 39990 доллар. Екіншісі толық қуатпен 550 шақырым жүреді, екі қозғалтқышы бар, бағасы – 49 990 доллар. Үшіншісінде 3 қозғалтқыш болып, бағасы – 69990 доллар, ол бір толық қуатпен 900 шақырым арақашықтықты басып өте алады.  Илон Маск электрокарды таныстыру кезінде, пикап оқ өткізбейтінін, оның есіктері  SpaceX зымыранына қолданылған берік металлдан жасалғанын айтқан еді. Бірақ таныстырылым кезінде терезелерін темір шармен ұрғанда сынып қалған.  Таныстырым сәтсіз өткеніне қарамастан Илон Маск 146 мың дана машинаға тапсырыс алғанын мәлімдеді.  “Дәл қазір 146 мың тапсырыс түсті. Тапсырыс бергендердің 42 пайызы 2 қозғалтқышты электрокарды, 41 пайызы 3 қозғалтқышты машинаны, 17 пайызы 1 қозғалтқышты пикапты таңдаған. Ешқандай жарнамасыз”, - деп жазды Маск твиттер парақшасына. Айта кетейік, біз осыған дейін "Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?" атты зерттеу мақаламызда teslaмобильдер туралы статистика мен қызықты ақпараттар жариялаған едік.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/59830
30 қараша 2019 ж. 538 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930