Илон Маск Tesla-дағы қызметінен кетеді
Бизнесмен Илон Маск Tesla директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетеді. Кəсіпкер мен АҚШ-тың бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы осындай келісімге келді. Бұған бизнесменге алаяқ деген айыптың тағылуы себеп болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Дегенмен, Маск компанияның бас директоры қызметін сақтап қалады.
АҚШ-тың бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясының сайында сотқа дейінгі реттеу аясындағы сенімхаттарға сәйкес, Маск Tesla басшысы болып қала береді, дегенмен Маск директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен үш жылға бас тартуы керек. Оның орнына тәуелсіз төраға келеді. Сондай-ақ, Tesla екі жаңа тәуелсіз директорды тағайындауы тиіс.
Бұған қоса, Илона Маскқа 20 миллион доллар көлемінде айыппұл салынған. Комиссия шешімі бойынша, Tesla айыппұл ретінде 20 миллион доллар төлеуі тиіс.
Осыған дейін комиссия Нью-Йорктегі сотқа бизнесменге қарсы шағымданған болатын. Арыз-шағымдағы ақпаратқа сай, Tesla компаниясын жекеменшік ету үшін Маск тарапынан жалған мəлімет көп айтылған.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қытайдағы ірі электронды сауда корпорацияның негізін қалаушы Джек Ма компанияның басшысы лауазымынан кететіні туралы жазған болатынбыз.
Baq.kz