Ferrari компаниясы өзінің электрокөлігін нарыққа шығарды
Өзінің айтуына қарағанда бұл ешқандай интрига емес, шындық. Ferrari компаниясы шығаратын электрокөлігі тек қана қуат алатын көлік емес, барлық жағынан сапасы сын көтеретін, кермедегі аттай керіліп тұрған, Tesla электрокөлігінен де суперэлектрокөлік болады. «Егер белгілі бір компания электрокөлікті шығару керек болса, онда ол Ferrari болуы керек. Адамдар Tesla жеткен жетістікке таңдай қағуда. Мені дұрыс түсініңіздер: мен Илон Маск жасап отырған іске дау айтпаймын. Бірақ біздің де бұл салада жұмыс істеуге шамамыз жетеді», – дейді Маркьоне. Ferrari басшысы дәл қазіргі кезде электрокөлікке байланысты ешқандай түсінік берген жоқ. Дегенмен бір нәрсе анық, ол Tesla Roadster жарыққа шыққанған дейін компания өз көліктерін ұсынып үлгереді. Ал Tesla көздеп отырған көлік 2020 жылға жоспарланған болатын. Қызық алда. Tesla қуаттану арқылы жүретін көлікті шығарумен танымал болса, Ferrari көліктері бір ғасыр ішінде адамдардың назарын өзіне аудартқан көлік. Сондықтан бәсекелістік енді басталды.