» » 2018 жылдың жаңа автомобильдері таныстырылды

2018 жылдың жаңа автомобильдері таныстырылды


Лас Вегаста өткен Халықаралық тұтынушылардың электроника көрмесінде ғажайып автомобильдердің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kommersant.ru сайтына сілтеме жасап.


Лас-Вегаста өткен CES 2018 Халықаралық тұтынушылар электроника көрмесінің экспозицияларына қарағанда, автокөлік өнеркәсібінің эволюциясы өз шегіне жетті десек асыра сілтегеніміз емес. Бұған дейін - жаяу жүргіншілер мен жүк тасымалдаушы көліктер ғана болатын.



CES-2018-дегі автокөліктерге - «автономды көлік құралдары» және «көлік техникасы» үшін екі тақырыптық блоктар бөлінді. Авто-пилоттық көліктің пайда болуы, танымал көлік өндірушілердің көпшілігімен сөзсіз қабылданады. Халықтың қызығушылығы, сол көліктің өздігінен жүруі емес, тағы басқа несімен тамсандырады екен деген ойдың астында жатады.



Мәселен, қытайлық Byton Concept автомобилінің қызығы, танымал автоөндірушінің өзінде емес, стартаптың өнімі болуынан. Бұл біріншіден. Екіншіден панелі үлкен. Сонымен қатар, үш өлшемді мониторы 49 дюймді құрайды.
Яғни, әдеттегі көліктің торпедасының алмастырылғанына көзіміз жетіп отыр. Шоуда Toyota-ның болашақ платформасы (әлі де Platform 3.0 деп аталады) Lexus LS600hL флагмандық седанының корпусымен біріктірілген.
Дегенмен, аталған брендтің басқа көлік маркаларына да орнатылуы мүмкін деген сөз. Платформаның сенсорлары мен лидарларының сапасы жақсы болғанымен қатар (радарлардың жарық шамы 200 метрге дейін түседі), олардың шатыры мотоциклдің шлеміне ұқсас болып келеді.
Бұдан басқа, Toyota компаниясы, болашақта E-Palette атты көлігін шығаруы мүмкін. E-Palette-нің өзгешелігі - бұл өздігінен жүру қабілетіне ие болады. Бүгінде бұл көлік пиццерияда қолданылса, ертең - интернет-кафе, ал оның арғысында жүк тасымалдаушы такси болуына ешкім күмән келтірмес.




Сондай-ақ аталған көрмеден Intel компаниясы да тыс қалған жоқ. Мұнда бұл компания Volocopter атты жаңа тікұшағын таныстырып өтті. Бұл тікұшақтың ерекшелігі, аталған құрылғы пилотсыз ұша алады. Сонымен қатар, 18 қозғалтқышы бар 9 батареямен жұмыс істейтін құрылғы, сырт көзбен қарағанда жер үсті көлігімен салыстырғанда авиацияға жақын болып келеді.

Қазіргі уақыттағы такси қызметін осы тікұшақ алмастырады дегенге күмән келтірмеймін,- деді Intel компаниясының басшысы Брайан Кржаничу.

Ал төрткүл дүниеге танымал «Ford» компаниясының бас менеджері Джим Хэкеттің айтуынша, алдағы уақытта қала тазалығына жауап беретін жаңа автомобильдерді шығару үшін компания барлық күшін жұмсап отыр.
Жоғарыда аталған компаниялар секілді «Ford» жүргізушісіз көліктер шығару керектігіне зейін қойып отыр.
Шоу барысында жапондық Nissan компаниясы да өзінің жаңа өнімін таныстырып өтті. Nissan B2V ұсынған көлік адам қолымен емес, ойымен жүргізіледі. Яғни, оң бағытқа жүруді ойлап отырсаңыз, көлік сол бағытқа қарай бет бұрады. Сондай-ақ, эмоцияңызды білдіріп қойсаңыз, компьютер арқылы сигналды қабылдап, қаймығып қалуы ғажап емес.
Лас Вегаста өткен жаңа технологиялар шоуындағы, әрине роботтардың орны ерекше. Мұнда «Segway» атты робот шығарушы компания "Nimbo" атты роботтың тұсаукесерін көрсетті. Бұл робот екі дөңгелекті, көздері жоғарғы сапалы камерамен жабдықталған. Мәселен, үйде отырып үй ауласында не болып жатқанын көре аласыз. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш роботтың үстіне тұрып, гидроскутер секілді жүре аласыз. Жылдамдығы-15 км/сағ.




15 қаңтар 2018 ж. 1 160 3

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 02:22
Propecia Andamento Libido Kamagra Achat En Ligne Viagra Pfizer 100 viagra vs cialis Acquisto Viagra On Line Rischi

Гость Jeaplause от 3 наурыз 2019 01:57
Vosteran levitra generic lowest prices Lasix With No Scrpit

Stevnoix от 8 мамыр 2019 02:26
Comparatif Viagra Cialis Levitra Achat Clomid canadian pharmacy cialis Cialis Online Venta Keflex Creatinine

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031