» » Эйнштейннің қызық қылықтары

Эйнштейннің қызық қылықтары

Эйнштейннің қызық қылықтары
Эйнштейн мансабына енді кіріскен шағында біреу оның жұбайынан күйеуі туралы ойын сұрайды. Ал ол былай жауап берген екен: – Менің жолдасым кемеңгер! Оның қолынан ақша жасап шығарудан басқаның бәрі келеді.
                                                                            *  *  *
Бір күні Эйнштейн Принстон университетінің дәлізінде келе жатса алдынан жас әрі ғылымға енді-енді бет бұра бастаған физик шығады. Эйнштейннің иығынан қағып, оған жақтаса қарап: – Халің қалай, әріптес? – дейді. – Әріптес? – деп таңданған түр білдірген Эйнштейн былай дейді: – Сіз де ревматизииен ауыратын ба едіңіз?
                                                                             *  *  *
Бір тілші Эйнштейннен ғалым болмағанында немесе жастық шағы қайта келер болса қандай мамандықты таңдайтынын сұрайды. Ол: – Ең тәуелсіз мамандықты – су жалғаушы не шағын кәсіппен айналысу мамандығын таңдар едім,– деп жауап береді. Бұл қалжыңы кейін резонанс туғызып, су жалғаушылардың кәсіби одақ басқарушысы ұлы физикке кәсіби одақтың мақтаулы мүшесі боп сайланғаны туралы хабарлама жібереді.
                                                                             *  *  *  
Альберт Эйнштейн сәнге аса қызықпаған, үстіне іліккенін киіп жүре беретін кісі болған. Бір күні оны Нью-Йорктегі танысы кездестіріп: – Эйнштейн мырза, сізге жаңа пальто алу керек. Үстіңіздегінің тозығы жеткен екен,– дейді. – Не үшін? Мені бәрібір Нью-Йоркте ешкім танымайды ғой,– деген жауап алады. Арада бірнеше жыл өткенде әлгі беймаза танысы тағы жолығып қалып, тағы да жаңа пальто алу керегін айтады. Оған ғалым: – Не үшін? Мені онсызда барлығы таниды,– деп жауап береді.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/ezutartar/60208
29 желтоқсан 2019 ж. 395 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930