Альберт Эйнштейн: Қиялдай білу – білімді болудан артық
► Үнемі жетістікке ұмтылу орнына өміріңізді мәнді етуге тырысыңыз. ► Анаңыз бөлме неге шашылып жатқанын сұраса, "Тек ақымақтар жинақы жерде тұрады, данышпандар хаосты жақсы көреді" деп жауап беруге болады. ► Өмір сүрудің екі тәсілі ғана бар. Бірінші – ешқандай ғажайыпқа сенбеу. Екінші – өмірде барлығы ғажайыпқа құрылған. ► Өмір велосипед айдау тәрізді. Тепе-теңдік сақтау үшін үнемі қозғалыста болуың керек. ► Оқып, үйренгеніміздің барлығын ұмытып қалған кезде, есімізде не қалса, сол ғана алған біліміміз боп есептеледі. ► Сіз барлығы қарапайым деп ойлайсыз ба? Иә, бәрі де қарапайым. Бірақ тіпті де олай емес. ► Ақылға сыймайтын әрекетке барған жан ғана мүмкін еместей көрінген шыңды бағындырады. ► Ең сорақы ақымақтық – бір нәрсені қайталай отыра басқа нәтиже күту. ► Үшінші дүниежүзілік соғыста не боларын білмеймін, бірақ төртінші дүниежүзілік ұрыста таяқ және таспен соғысады. ► Болашақ туралы ешқашан ойлмаймын. Ол біз ойлағаннан да тез келеді. ► Мен өлімге ескі қарыз ретінде қарауды үйрендім. Ерте ме, кеш пе оны қайтару керек. ► Бәріміз де данышпанбыз. Бірақ сіз балықты ағашқа өрмелеп шығуына қарап бағалайтын болсаңыз, ол өмір бойы өзін ақымақ санап өтеді. ► Бір кезде арнасынан асып кеткен ақыл енді қайтып бұрынғы қалпына түспейді. ► Өзгеге арналған өмір ғана мағынаға толы. ► Ешқашан қателеспеген адам – жаңаны тануға ұмтылмаған адам. ► Өз қиялымда мен суретші секілді сурет сала аламын. Қиялдай білу білімді болудан да артық. Білім шектеулі, ал қиял шартарапты шарлай алады. ► Шығармашылықтың құпиясы шабыт алу көзін жасыруда жатыр. ► Адам құндылығы неге қабілетті екенінде емес, не бере алатынында. Табысты адам емес, бағалы жан болуға тырысыңыз. ► Алдымен ойынның барлық ережесін жаттап алу керек. Содан кейін барлығынан жақсы ойнауға тырыса аласыз.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/60166