» » » Өмір сүруге жетелейтін 16 сөз

Өмір сүруге жетелейтін 16 сөз

1. "Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру" Джек Лондон 2. "Ешқашан уақыт жоқ деп айтпаңыздаршы. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Томас Джефферсон, Пастера, Хелен Келлер, Альберт Эйнштейндерде қанша уақыт болса, біздерге де бірдей уақыт берілген!" Джексон Браун 3. "Біз қол жетпесті қуып жүріп, мүмкін емес нәрсені жасап шығамыз" Роберт Ардри 4. "Егер кім де кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны" Эрнест Хемингуэй 5. "Менің ең сенімді алты қызметкерім бар. Олардың алдында міндетім зор. Олардың аттары: Кім? Неге? Қашан? Не? Қайда? және Қалай?" Редьярд Киплинг 6. "Сіздің өміріңіздің ең жақсы жылы – өз мәселелеріңіздің тек өзіңізге ғана тиесілі екенін мойындау. Сіз оған бола анаңызды, экологияны не президентті кінәламаңыз. Өз тағдырыңызды өзіңіз басқарып отырғаныңызды түсіне біліңіз" Альберт Эллис 7. "Ақылсыздыққа ерік беру – жеке тұлға ретінде қалыптасудың кепілі" Марк Твен 8. "Адамның көзін құрту үшін көп нәрсе керек емес, оның айналысып жүрген ісін көзге ілмей қойсаң болғаны" Ф.М. Достоевский 9. “Қателікті көзге шұқығанша, түзеуге тырысайық"   Бернард Шоу 10. “Ой – барлығының да бастамасы. Ой арқылы бәрін басқаруға болады. Сондықтан да ең бастысы – оймен жұмыс жасауды жетілдіру қажет" Л. Н.Толстой 11. “Мүмкін сен бұл әлемде бар болғаны жәй адам шығарсың, бірақ біреулер үшін сен – бар әлемге саналасың" Габриэль Гарсиа Маркес 12. “Өмір – бұл, сенің не істеп жүргенің және қандай жоспар құрғаның" Джон Леннон 13. “Өмірдің мақсаты – кемелділікке ұмтылу, бәріміздің тапсырмамыз – соны барынша өз дәрежесінде көрсетуге тырысу" Ричард Дэвид Бах 14. “Ұлы ойлар идеяларды талқыға салады; Орта дәрежедегі ойлар жаңалықтарды талқыға салады; Ал ең төменгі дәрежедегі ойлар адамдарды талқыға салады."   Элеонор Рузвельт 15. “Өміріңді жақсартудың тек екі тәсілі бар. Бірінші тәсіл – өзінен өзі ешқандай да керемет болмайды деп өмір сүру. Екінші тәсіл – бар әлем тек таңғажайыптан тұрады деп өмір сүру" Альберт Эйнштейн 16. “Егер сен бір нәрсе ойлап таба алсаң, демек оны жасап шығара аласың деген сөз" Уолт Дисней

ӨмÑÑ ÑÒ¯ÑÑге жеÑелейÑÑн 16 Ñөз
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/14122
27 шілде 2019 ж. 583 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930