ЕШҚАШАН ЖЕҢІЛМЕУГЕ 12 СЕБЕП
Арманыңыздан бас тартып, барлығына қол сілтеп кетіп қалғыңыз келетін сезім басыңыздан өтті ме? Сіз жалғыз емессіз. Бірақ бұған қандай жағдай болмасын берілуге болмайды. Алға қойған мақсатымыздан бас тарту үшін ешқандай себеп жоқ. Ал керісінше оған ұмтыла түсу үшін төмендегідей 12 себеп бар.
1. Сіз тірі тұрғанда барлығы да мүмкін. Жеңілісімізді ақтай алатын бір ғана себеп бар. Ол – өлім. Яғни өмір сүретін кез келген адам алға қадам басуы тиіс.
2. Реалист болыңыз. Әрине, барлығы бірден болуы мүмкін емес. Түрлі қателік жібересіз. Бар болғаны сол қателіктерден сабақ алып үйреніңіз.
3. Сіз мықтысыз. Адам өзі ойлағаннан да әлдеқайда күшті. Сол секілді сіз де мықтысыз. Сізді табысқа жету жолында ешкім де тоқтата алмайды. Тіпті мыңдаған жеңіліс те.
4. Өзіңізді көрсетіңіз. Бұл өмірге өзіңіздің қандай шыңдарды бағындыра білетініңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын, сіз бәрінен бас тартқан кезде ғана жеңілесіз.
5. Бұл бұрын жасалды ма? Оны бұрын-соңды біреу жасаған болса, сіз де жасай аласыз. Тіпті, ол секілді адам бұл өмірде жалғыз болса да. Бұл мүмкін!
6. Армандарыңызға сеніңіз. Қандай жағдай болмасын өзіңізге сатқындық жасамаңыз. Тағдырыңызға тек өзіңіз ғана басшылық ете аласыз. Бірінші болып өзіңіз сенбесеңіз, ешкім де мойындамайды.
7. Сіздің отбасыңыз бен достарыңыз. Жаныңыз бен жүрегіңізге жақын адамдарыңыз сізге шабыт сыйласын. Олар бар жерде еш уақытта жеңілмеңіз.
8. Сізден де нашар жағдайдағы адамдар бар. Егер таңертеңгі жүгіруден бас тартқыңыз келсе, сал болып, жүруді армандап жатқан адамдар туралы ойлаңыз.
9. Біздің әлемді жақсартыңыз. Табысқа жеткен сәтіңізде табиғат ананы қорғауды, жақындарыңызға қамқорлық танытуды ұмытпаңыз.
10. Сіз бақытты болуға лайықсыз! Егер осы сөздерді жиі айтатын болсаңыз, ешкім де сіздің жолыңызда кедергі бола алмайды.
11. Өзгелерге шабыт сыйлаңыз. Табысты адамдардың қатарына қосылған соң, өзгелердің де дәл өзіңіздей болуына жағдай жасаңыз. Өйткені жеңіске жетер жолдың қаншалықты ауыр екенін өзіңіз де білесіз.
12. Сіз жақындап қалдыңыз. Таң атардағы ең қараңғы уақыт. Егер ары қарай жылжуға күшіңіздің жоқ екендігін сезсеңіз, табысқа бір ғана қадам қалғандығын біліңіз.
Жоғарыда аталған 12 себеп өміріңізде қандай қиын жағдай болмасын жігерлі болуға септігін тигізеді. Алға қойған мақсатыңызға ұмтыла түсіңіз. Себебі сізді қолдайтын ата-анаңыз бен жақын туысқандарыңыз бар.
http://reactor.inform.kz