» » ӨЗ-ӨЗІҢЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСТЫ ӨЗГЕРТЕТІН 30 ТӘСІЛ

ӨЗ-ӨЗІҢЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСТЫ ӨЗГЕРТЕТІН 30 ТӘСІЛ

Әр адам өмірінің қандай да бір кезеңінде бірқатар сауалдарға тап болады. Кейде аталмыш сұрақтардың жауабы өздігінен табылса, басқа жағдайда белгілі күрделіліктерге тап боласыз. Мәселен, кейде сіздің өміріңіз бір арнада тұрып қалғандай сезімде боласыз ба? Осындай сәттерде ойыңызға не келеді? Өткеніңізге көз жүгіртетін болсаңыз, қандай күйді бастан кешіресіз? Бразилиялық жазушы әрі ақын Пауло Коэльоның тамаша сөзі бар. «Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол - сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп».
Alibaba интернет-алыбының негізін қалаушы, миллиардер Джек Ма әр адам 20 жаста да, 40 жаста да қателік жасаудан қорықпауы тиістігін тілге тиек етеді.
Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда жас кәсіпкерлердің алдында сөз алған Ма мырза өмірде қателік жасаудан қорқуға болмайтынын негіздеп айтқан.
Джек Ма жас кезінде көптеген компанияларға түйіндемесін жіберіп, жұмысқа қабылдана алмаған екен. Кәсіпкер форумға қатысушыларға әр жаста қиындықтар мен қателіктерге оң көзбен қарау және дұрыс мақсат қоя білудің қажеттігі туралы кеңес берді.
«20-30 жас аралығында тәжірибесі мол басшыларға мұқият назар аударып, олардан үйренген жөн. Сонымен қатар, қызықты да тың идеяларға толы топпен жұмыс істеу қажет. Ал 30-40 жас аралығында өз жобаларыңызбен белсенді түрде айналыса бастаңыз: сіз әлі де қателіктерге жол бере аласыз. Ал сізге 40 немесе 50 жас болғанда, өзіңіз шынымен үздік санайтын салада қызмет атқарғаныңыз жөн. Келесі онжылдықты жас буынды тәрбиелеуге жұмсағаныңыз дұрыс болады».
Ма мырза студенттік кезінде бірге оқитын 23 курстастарымен бірге KFC жылдам тағам мейрамханасы желісіне жұмысқа орналасу үшін сұхбаттасуға барып, жалғыз өзінің жұмысқа қабылданбағанын айтады. Екінші жұмыс орнына барғанда да, аталмыш жағдай қайталаныпты.
«Біз алдымызда күтіп тұрған келешектен қорқыныш сезімін сезінбеу үшін балаларымыздың біліміне баса назар аударуымыз тиіс. Қазіргі таңда балаларымызға үйретіп жатқан ілім мен әдістеріміздің есебінен ертең олар жұмыссыз қалулары мүмкін. Себебі, кез-келген есеп машинасы бұл істі он есе жақсы орындайтын болады. Балаларға шығармашылық, инновациялық тәсілмен білім беру қажет», - деп есептейді кәсіпкер.
Оның ойынша, 2030 жылға дейін 800 миллионға жуық жұмыс орындары роботтармен қамтылады.
«Білім беру жүйесі үшін бұл - үлкен мәселе. Егер де біз білім беру жүйесін өзгертпесек, 30 жылдан кейін қиын жағдайға тап боламыз. Біз қазір балаларымызды 200 жыл қолданылып келетін білімге негізделген жүйе бойынша оқытудамыз. Осындай іс-әрекеттермен балаларымызды машиналармен бәсекеге түсуге үйрете алмаймыз. Машиналар ақылдырақ болады», - деп Джек Ма тоқетерін айтты.
Табысқа қолжеткізу үшін ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесіне ие болуы тиіс. Әлемде орын алып жатқан сұраныстар мен талаптарға сай болу үшін ақыл бір ғана бағытта емес, жан-жақты жетілдіріліп отыруы тиіс. «Дегенмен, егер де адамдардың сізді құрметтегенін қаласаңыз және осы әлемді түсінгіңіз келсе, махаббатсыз әрекет етуге болмайды. Себебі, машина сезінуді білмейді», - дейді кәсіпкер.
Қарапайым мұғалімдіктен бастау алған Джек Маның табысты жолы талай қиындықтар мен сын-тегеуріндерге толы болғаны белгілі. Бүгінде Ма мырза өмір тәжірибесінен алынған бірқатар ұстанымдарды көпшілікке ұсынуды қалайды. Сіздердің назарларыңызға Джек Маның 30 кеңесін ұсынып отырмыз.
1. Мүмкіндікті жан-жақтан қарастырыңыз.
Жаңа мүмкіндіктерді іздеу кезінде тым ұсақ ойлы болмаңыз. Өзіңіздің кәсіби және қаржылық мүмкіндіктеріңізді қарастырыңыз. Себебі, мүмкіндіктер кез-келген жерде жасырынып тұруы мүмкін.
2. Әрбір нұсқаны қарастырыңыз.
Сіздің өмір жолыңызда мүмкіндіктер көп кезігеді. Әрқашан қандай да бір таңдаулар мен жолдарға тап боласыз. Бұл - заңды құбылыс. Өзіңіздің қызмет ауқымыңызды ескере отырып, табысты болу үшін барлық күш-жігеріңізді жұмсаңыз. Есіңізде сақтаңыз! Үлкен мақсатқа бағытталған жол алғашқы қадамнан басталады.
3. Ойланып жұмыс істеңіз.
Өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды және алға қойған мақсатыңызды түсінуге тырысыңыз. Жұмысыңыз жақсы нәтижеге ие болу үшін не істеу қажет? Неге сіз осы мақсатқа қол жеткізгіңіз келеді? Жоспарды жүзеге асыру үшін не істеу керек? Дұрыс қойылған сауал жеңіске жеткізеді.
4. Кідіріссіз әрекет етіңіз.
Табысқа жету үшін үнемі әрекет ету керек. Әрине, бұл дегеніміз – сіз күндіз-тні жұмыстан бас алмауыңызды білдірмейді. Жан-жақты тиянақты құрылған жоспарыңыз болсын. Осылайша сіз өзіңіздің кері кеткен жерлеріңізді ескере отырып, өз әрекеттеріңізді реттей аласыз.
5. Күрделі жағдайларға тоқталып қалмаңыз.
Қандай отбасыдан шыққаныңызға, қай жерде туғаныңызға, қандай білім алғаныңызға қарамастан, сіз өзіңіз таңдаған салада жоғары дәрежеге жете аласыз. Ең бастысы, сіздің сеніміңіз бен рухыңыз биік болсын.
6. Өз мақсатыңызды дұрыс бағытқа бағдарлай алыңыз.
Сіздің іс-әрекеттеріңіз мақсаттарыңызды жүзеге асыруға арналған құрал болуы керек. Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге көбірек назар аударыңыз және алға қойған жолыңыздан таймаңыз.
7. Батыл болыңыз.
Джек Ма «Alibaba Group» интернет-холдинг жобасымен жұмыс істей бастағанда, инвесторлар бұл жобаның тым көп шығынға әкелетіндігін айтқан. Кәсіпкер тәуекел етті және жолы болды. Қазір компания әлемдегі ең табысты компаниялардың бірі саналады және оны капиталға айналдыру $230 млрд. құрайды.
Өз мақсаттарына ұмтылу - батылдық танытуға тамаша уақыт!
8. Сіздің жас болуыңыз - сіздің мүмкіндігіңіз.
«Егер сізге 35 жас болса, ал сіз әлі бай болмасаңыз, демек сіз жастығыңызды босқа өткірдіңіз», - дейді Ма. Жас кезіңізде өз мақсаттарыңызға қолжеткізу үшін бар қуатыңыз бен қиялыңызды жұмсаңыз.
9. Бір мақсатта әрекет ететін тобыңыз болсын.
Егер сіздің топты біріктіретін тірек тек сіз ғана болсаңыз, онда жобаларыңыз сәтсіздікке әкелері сөзсіз. Сізге бір мақсат, идея, міндет үшін еңбек ететін ойшыл адамдар қажет. Ортақ мақсатқа жету жолында өз әріптестеріңіздің әлеуетін максималды пайдалана аласыз.
10. Өзіңізді алмастыра алатын адамдарды дайындаңыз.
Тобыңыздың сізге тәуелділігін төмендетіңіз. Қоластыңыздағы қызметкерлерге бар біліп-түйгеніңізді үйретіңіз. Себебі, уақыт өте келе, сіз өзіңіздің міндеттеріңіздің басым бөлігін топқа ауыстыра аласыз, кейін оларға басқару мүмкіндігін беріп, басқа жобаларға қатыстырасыз.
11. Кәсіби қабілеттері сіздікінен жоғары мамандармен жұмыс істеңіз.
Егер қызметкерлер үнемі сіздің ақылыңызбен әрекет ететін болса, демек сіз мамандарды жұмысқа қабылдауда қателік жібердіңіз. Сіздің міндетіңіз - өз ісінің кәсіби шеберлерін жұмысқа орналастыру, оларға жұмыс істеудің барлық жағдайларын қамтамасыз ету және араласпау.
12. Батыл, тез шешім қабылдайтын және жан-жақты ойлай алатын басшы болыңыз.
Жақсы басшыны қатардағы қызметкерден қандай қасиеттері ерекшелендіреді? Бұл - төзімділік, батылдық және қиын жағдай туындағанда нақты қадамдарды есептей білу қабілеті. Басшы туындаған мәселені шешудің бірнеше жолын алдын-ала көре білуі және ең лайықты жолын анықтай білуі тиіс.
13. Қажырлық - табысқа жету кілті.
Мақсатқа жету жолында сіздің тобыңыз көптеген кедергілерге тап болады. Олар белгілі бір нәтижеге қолжеткізгеннен кейін жұмыс қарқыны бәсеңдеп қалуы мүмкін. Бұл ретте тобыңыздың алдында тұрған басты мақсатты айқындай біліңіз. Дұрыс жолды нұсқаңыз.
14. Сіздің қарым-қатынасыңыз қабілетіңізден маңызды.
Қиын немесе жақсы сәтке қарамастан, басшы әрдайым өз-өзіңе сенімді және тиянақты болуы тиіс. Алда күтіп тұрған сындардан қорқып, артқа шегінуге жол жоқ. Жұмыстың табысты болуы сіздің іс-әрекеттеріңізге байланысты.
15. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн.
Басшының өз қызметкерінен ақыл-кеңес сұрауы қателік емес. Білікті қызметкерлер әрбір қадамның салдарын есептеуге және ең жемісті стратегияны таңдауға көмектеседі.
16. Бизнес пен саясатты араластырып алмаңыз.
Бизнес жолын таңдайтын болсаңыз, саясатқа аса қатты көңіл бөлмегеніңіз жөн. Егер сіз осы екі саланы бір-бірімен біріктіруге тырыссаңыз, онда салдарын болжауға болмайды.
17. Беріктік қиындықтарды шешкеннен кейін ғана пайда болады.
Басшы тек қиындықтардан өтіп, табысқа жеткен кезде ғана берік мінезге ие бола алады. Кедергісіз жеңістің дәмін тату мүмкін емес.
18. Өзгелерге қарағанда қарқынды және мұқият жұмыс істеуіңіз тиіс.
Табыстың формуласы қарапайым: көбірек жұмыс істеуге тырысыңыз, сақ болыңыз және мақсатыңыздың айқын екендігіне көз жеткізіңіз. Бұл қағидалар өмірдің барлық саласында да жұмыс істейді.
19. Бәсекеде нақты ережелерді сақтаңыз.
Егер сіз бәсекелестеріңізге жау ретінде қарсаңыз, жуық арада өзіңіздің жауға айналып кеткеніңізді білмей қаласыз. Адал және ашық түрде бәсекелесуді үйреніңіз.
20. Өз бәсекелестеріңізді құрметтеңіз.
Сізге бәсекелес компанияларға бірдей құрметпен қараңыз. Әділ шайқаста бәрі бірдей мүмкіндіктерге ие. Сіздің бәсекелестеріңіз де адамдар және олар да қателесуі мүмкін. Дұрыс бағалай білу - жеңіске жетудің бір сатысы.
21. Бәсекелес компаниялармен өзіңізді тең ұстаңыз.
Нарық алаңында сіздер бірдей дәрежеге иесіздер. Бәсекелес компания ірі немесе шағын болса да, өзіңізді дұрыс көрсете біліңіз.
22. Жеңімпаздар жыламайды.
Әрине, қызметте сәтсіздіктер болып тұрады, бірақ тұрақты шағымдар мен көңіл-күйдің түсуі - бұл жеңілудің оңай жолы. Қиындықтарға қарамастан, барлық мәселелерді шешуге және табысқа жетуге тырысыңыз.
23. Бірінші орында - тұтынушылар.
Кез-келген басшының уақыты мен қуаты шектеулі болатындығы анық. Осы себепті өзіңіз үшін басымдықты белгілеңіз. Сіз үшін бірінші кезекте тұтынушы болуы тиіс. Ал екінші орында - әріптестеріңіз. Содан кейін ғана акционерлер тұрады. Мәселен, көптеген кәсіпкерлер акционерлердің жағдайына көңіл бөлуді қалайды. Ал бұл қадамның сәтсіз болатындығына өмірдің өзі куә.
24. Ақшаны басты орынға қоймаңыз.
Қандай да бір істі қолға алған жағдайда ең бірінші не қажет? Әрине, сізде нақты идея, содан кейін жоба туындайды. Ал осы жобаны жүзеге асыру үшін ақша қажет. Өздеріңіз көріп тұрғандай, басты басымдық қаржыға тірелмейді. Ашкөздік ешқашан табысқа әкелмеген.
25. Көңіліңізден шығатын адамдармен жұмыс істеңіз.
Қызметкер кәсіби маман болса да, өзіңіздің ішкі түйсігіңізді бірінші орынға қоя біліңіз. Себебі, сіздің көңіліңіз қаламаған маманның жұмысыңа көңіліңіз толмауы мүмкін. Және де бұл жұмыстың сапалы болуына да өзіндік әсерін тигізеді.
26. «Тегін» - өте қымбат сөз.
Өнімдеріңіздің немесе қызметтеріңіздің өсімін көбейту мақсатында жарнамалық жеңілдіктерге қатыспаңыз. Себебі, бұл іспен сіз өз компанияңызды пайдадан айырып, идеяларыңызды бен жұмсалған қаражатты босқа кетіресіз.
27. Өз басыңызбен ойлаңыз…
Сізге не айтса да, ең бастысы - өзіңіздің ойыңыз. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша әрекет етіңіз және өз көзқарасыңыз бойынша шешім қабылдаңыз.
28. …және өз жүрегіңізді тыңдаңыз.
Қызметкерлерді қабылдауда немесе қандай да бір ауқымды жобаны іске асыруда өз түйсігіңізге сеніңіз.
29. Жұмыс пен өмірдің шатастырып алмаңыз.
Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз тек «жұмыс, жұмыс және қайтадан жұмыс істеу, содан кейін жұмыс орнында жүрек дертінен ауырып қалу» ғана емес. Өмір сүруді ұмытпаңыз. Отбасыңызбен және достарыңызбен уақыт өткізіңіз, саяхат жасаңыз.
30. Өз бағытыңыздан бас тартқаннан ауыры жоқ.
Белгілі бір істі қолға алмай, өз қабілетіңізді біле алмайсыз. Қорқынышқа ерік беру - жеңіліске әкелетін бірден-бір жол. Арманыңыз асқақ болсын. Егер де бастаған жобаңыз сәтсіз болып жатса, іс-әрекеттеріңізді ауыстырыңыз. Басқа жақтан қадам жасаңыз. Талап пен талпыныс барлық қиындықты жеңеді.
16 қыркүйек 2018 ж. 635 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031