Үндістанда бір отбасындағы 10 адам асылып тұрған жерінен табылды
Үндістанның астанасы Дели қаласында 11 адамнан тұратын отбасы мүшелері асылып тұрған жерінен табылды.
Тек бір ғана әйел жерде жатқан. Қалған 10 адам асылып тұрған. Көпшілігінің аузы мен көзі жабылып, қолы артқа байланған, деп жазады bbc.com.
Жантүршігерлік жайтқа не себеп болғаны белгісіз. Полицейлер отбасы мүшелері оккультизммен айналысқан болуы мүмкін деген болжам айтты.
Оккультизм – ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім.
Үй ішінен Оккультизм тәжірибесін көрсететін айғақ заттар табылған. Бұл олардың өліміне себеп болуы мүмкін. Қазір бейнебақылау камералары тексеріліп, көршілерден жауап алынуда.
Полицейлер нақты не себеп болғанын дөп басып айта алмайды.
Бұл оқиғадан біраз уақыт бұрын екі қылмыстық топ атысып, үш адам мерт болған. Бірақ полиция ол оқиғаның қатысы жоқ екенін айтады.
Марқұм отбасы Делиге Раджатханнан 20 жыл бұрын көшіп келген. Олардың 3 қабатты үйінің бірінші қабатында дүкені болған. Олардың денесін таңертең сүт алуға шыққан көршісі көрген.
«Дүкенге кіргенімде барлық есіктер ашық болды, денелері ілініп тұрды», – дейді Гурчаран Сингх.
Марқұм болғандар екі ағайынды бауырлар мен олардың әйелдері, балалары. 75 жастағы әйел де еденде көз жұмған. Көршілері олардың ашық-жарқын жақсы адамдар болғанын айтады. Мұндай жайттан кейін шошып қалғандарын жеткізді.
http://stan.kz

Пікір 2