» » «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық конкурсының аудандық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық конкурсының аудандық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды


Жалағаш ауданында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайып¬тылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық конкурсының аудандық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды.
Конкурсты өткізудің мақсаттары: 
1) Отбасы институтын, ада쬬гершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану: 
2) Ата-аналардың бала тәрбие¬леудегі жауапкершілігін арттыру; 
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау.
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. 
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Комиссия үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады: 
1) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер; 
2) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
3) балаларының жетістіктері; 
4) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері: 
5) өздерінің шыққан тегін білу (шежіре – ру тарихы); 
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері); 
7) отбасының дарындары; 
8) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақытта және т,б.); 9) отбасының қоғамдағы беделі.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке мынадай құжаттармен бірге беріледі. 
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі - бар болса; 
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); 
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар 2018 жылдың 7 ақпан - 25 сәуір аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Мекен-жайы: Жалағаш кенті, Абай көшесі №68, байланыс телефоны: 31-9-99.
06 сәуір 2018 ж. 2 010 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 05:08
Buy Nexium 40 Mg Cheapest Price On Cialis 20 viagra prescription Achat Ciprofloxacin En Ligne Belgique

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 08:58
Dapoxetine 30mg Cialis Lontano Dai Pasti Line Pharmacy sirve el priligy Viagra Fruit Soft Tabs 100mg Vendo Cialis Originale

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930