» » Қызылордада 14 баланы бауырына басқан отбасы тұрады

Қызылордада 14 баланы бауырына басқан отбасы тұрады


Қызылорда қаласында 14 баланы бауырына басқан өнегелі отбасы тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Отбасы алғашқыда Шәмшия мен Артем есімді өрендерді патронаттық тәрбиеге алған екен. Бұл - 2009 жыл еді. Сол жылдары елімізде патронаттық тәрбиеге бала алуға болатынын естігенде Ақмарал Малабағарова  іштей қуанған еді. Өйткені, оның анасы жетімдер үйінде қызмет етті. Өзі де перзентханада жұмыс жасайтын. Онда тастанды сәбилерді көргенде қынжылатын. Осындай жағдайлар Ақмаралдың сәбилерге деген сезімін еселей түсті. 2009 жылы Шәмшия мен Артемді бауырына басса, одан кейін екі қыз баланы, содан кейін корей ұлтынан 3 ұл, 1 қызды қамқорлыққа алды. Өзінің туған ұлы - Қайраттан кейін қайта ана атану бақыты осылайша бұйырған еді.
Содан бері он жылға жуықтады. Бүгінде Қайрат, Артем, Шәмшия жоғары оқу орындарында білім алып, мамандығы бойынша қызмет жасайды. Ал Анар 10 сыныпта оқыса, одан кейінгі Настя, Карина, Виктория, Мөлдір есімді қыздары да мектеп қабырғасында жүр. Рамазан, Расул, Ислам, Никита шаңырақты шаттыққа бөлеп келеді. Егіз қозы секілді бір-бірімен тетелес Нұртас пен Мұхамед те отбасының көзқуанышы. Олар өнер, спортқа әуес. Түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып келеді.
«Балаларыма әуел бастан сабақ үлгерімі, тәртібінің жақсы болуын ескерткенмін. Оларды қазақы болмыста тәрбиелеуге көңіл бөлемін. Қыздарымның шаш қиюына қарсымын. Ұлттық дәстүрді зерделеріне тоқып келемін», - дейді А.Малбағарова. Осылайша сан түрлі ұлт өкілдерінен құралған балалар бір шаңырақ астында өсіп келеді. Оған Бағдат пен Ақмаралдың имандылығы мен балаларға деген сүйіспеншілігі сеп болып отыр.

Әділет Қаңтарбаев

03 наурыз 2018 ж. 1 219 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930