» » Қақпанға түскен арыстанды туыстары 3 жыл бойы тамақтандырып, қамқор болған

Қақпанға түскен арыстанды туыстары 3 жыл бойы тамақтандырып, қамқор болған

Танзияда арыстан бала кезінен мойынына темір сым оралып қалған бауырына 3 жыл бойы қамқор болып келген. Жантүршігерлік оқиға Микуми ұлттық паркінде өмір сүретін арыстандардың отбасында болған.

1. Арыстан Замбиядағы табиғи қорықта браконьерлер қойған тұзаққа түсіп қалды.
Жаралы арыстанды 2009 жылы туристер байқаған. Аңның бала кезінде мойынына темір сымдар оралып қалған.
«Аңшылар кішкентай жануарларға тұзақтар құрады. Соған қарағанда бала арыстан қызығып темір қақпанына басын кіргізіп, одан шыға алмай қалған сияқты», -дейді қорықтың аға қамқоршысы Уильям Мвакилема.
Уақыт өте келе, жас аң патшасы темір шынжырдың нағыз тұтқынына айналды. Жыл сайын сым арыстанның мойынына тереңірек еніп, оның қиыналып өлуіне әкеліп соқты.
«Бізге ол туралы хабар берілген бойда оны іздеп, тауып, босатқымыз келді. Бірақ, қорықтың аумағы өте үлкен және арыстандар оңай ұстатпайтын жануарлар. Тек зардап шеккен арыстан өзінің қамқор туыстарының арқасында аман қалды», – дейді  Мвакилема.



2. Қорық қызметкерлерінің айтуынша, барлығын жабайы жануарлардың бір-біріне деген осынша мейірімі таңғалдырды. Жараланған арыстанның аға-әпкелері оған тамақ әкеліп, қамқор болды.
«Адамдар оны құтқарғанша жаралы арыстанның туыстары оның өлуіне жол мермеген», – дейді қорық қызметкері.
2012 жылы тамызда бақылаушылар мен туристер аңдардың ізіне түсе алды. Сол сәтте олар мал дәрігерін шақырды.
«Бұл өте қорқынышты жағдай болды. Жаралы жануардың 5 туысының соңынан джиппен аңдуға тура келді. Нәтижесінде біз оның мойынындағы сымды шештік. Жарақаты тым терең еніп кеткен. Біз сол сәтте көмектеспегенде, тым кеш болатын еді», – дейді Уильям Мвакилема.
Жарақатын таңғаннан кейін, тез жазылу үшін өзінің туыстарының жанында қалдыруға тура келді. Құтқарғаннан кейін бірнеше ай өткен соң қорық қызметкерлері браконьерлердің басқа да қақпандарын байқап қалды.
Қызметкердің айтуынша, арыстан толық жазылып, мойынындағы түктері өсіп жарақатының тыртықтары ғана қалды.



3. Құтқарылған арыстан өзінің отбасымен қайта қауышты.



4. Осындай шынжыр болды.
06 қаңтар 2018 ж. 1 848 2

Гость Jeaplause от 22 ақпан 2019 19:50
Does Keflex Cover Group A Streptococcus cheap cialis online Cephalexin 500 Mg

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 03:23
Buy Viagra Gold Cialis Doux buy priligy dapoxetine from india Amoxicillin Child Dosage

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930