Назарбаев келерде Лукашенко сарайындағы кілемдердің арасын сызғышпен өлшеген
Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокорпарациясы Youtube каналында "Астана-Минск: өткені, бүгіні және келешегі" жарияланды. Деректі хабар Назарбаевтың 2017 жылы қарашада Беларусь еліне жасаған ресми сапары туралы деп хабарлайды NUR.KZ.
Онда көбіне кадрдан тыс қалып қоя беретін жайттар көрсетілген.
Минскте Назарбаевтың келуіне ерекше қатты дайындалғанын атап өтуге болады. Себебі қаланың көптеген көшелерінде ұранды плакаттар мен Қазақстанның жалауы ілінген.
Ал президент резиденциясында "онсыз да жалтырап тұрған мәрмәр бетін тазалап, кілемдер мен мемлекеттік таңбалар арасын сызғышпен өлшеп жүр".
Сондай-ақ видеода Беларусияның бас ғимараты 50 мың шаршы метрден тұратыны айтылады. Ал "оны қалай жылытасыздар деген сұраққа "біздің қыс қатты болмайды" деп жауап берген.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы сауда айналымы 500 миллион долларға жеткенін мәлімдеді.
Соңғы жылдары Қазақстанда 2500 километр темір жолдары мен 4000 километр автомобиль жолдары салынған. Соңғы алты жылдың өзінде Қазақстан-Беларусь арасындағы темір жол саудасы жүз есеге көбейіпті.
Ресми сапар Қазақстан мен Беларусияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.