ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙ ШЫҒАМЫЗ БА?

– Әлихан Әміртайұлы, көмір тапшылығы мәселесі толыққанды шешімін тапты ма?
– Жылу беру маусымы басталған кезде қазан айында аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесінде бірқатар қиындықтар болды. Темір жолмен жүк тасымалдау саласы жеке секторда болғандықтан, сонымен қатар, көмірді өндірушілерге тапсырыстар барлық об- лыстардан бір мезетте түскендіктен, вагондар жетіспей, аудандағы көмірді жеткізіп беруші жеке кәсіпкерлердің тапсырыстары уақытында орындалмай, көмірдің тапшылығы сезілді. Бұл жағдай көршілес аудандарды айтпағанда, елі міздің барлық аймағында орын алды. Осыған байланысты облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірге тиісті жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда аудан тұрғындарына көмірді жеткізіп беру мәселесі бір жолға қойылды. Жылу беру маусымында көмірге қажеттілік 20,5 мың тонна болса, бүгінгі күнге 15,8 мың тонна (77,0 %) көмір жеткізілді. Оның ішінде 4080 тоннасы жүк автокөліктерімен әкелінген.
– Аудан тұрғындары қыстан қысылмай шығуға көмір қоймаларда қатты отын жеткілікті ме?
– Қазіргі таңда қоймаларда 180 тон- на көмір бар. «Қаражыра», «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы 16000-17000 теңгеденсатылуда. Одан бөлек, кеше түстен кейінгі уақытта 3 вагон (210 тонна) көмір келді. Сонымен қатар, жақын күндері Қызылжар станциясында тұрған 2 вагон (140 тонна), Қарағанды станциясында тұрған 2 вагон (140 тонна) көмірдің келуі күтілуде. Қазіргі таңда көмірді жеткізіп беруші жеке кәсіпкерлерімен күнделікті тығыз байланыста жұмыстар жасалуда. Алдағы уақытта да аудан тұрғындарына жеткілікті мөлшерде көмір жеткізіліп тұрады.
– Енді көмір бағасы жөнінде ай- тып өтсеңіз...
– Қазіргі таңда вагонмен жеткізілген көмірдің бағасы сұрыпына қарай, ұсақтығына қарай 14000-17000 теңге аралығында болып отыр. Көмірдің бағасына тасымалдауға жұмсалатын тасымал шығындары да қосылатыны белгілі. Көршілес аудандар да көмірдің бағасы осындай. Көмірді жеткізіп беру қызметі жеке секторға берілген. Де- генмен, көмірдің бағасына қатысты табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тарапынан тиісті тексерулер жүргізілуде.
– Жалпы тұтынушыларға жететін көмір сапасы бақыланады ма?
– Аудандағы көмірді вагонмен жеткізіп беріп, сату бекеттері тара- зымен жабдықталғандықтан, әрбір тұтынушының көмірді өлшеп алуға толық мүмкіндігі бар. Ал көмірдің сапасына келетін болсақ, биылғы жылы сатылуға келіп жатқан «Қаражыра», «Шұбаркөл», «Екібастұз» көмірінің сапасын жоғары деп айтуға болады. Тұтынушы өзіне қажетті көмір сұрыпын сатып алуда. – Уақытыңызды бөліп, сауалдарға жауап бергеніңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.